Баишев Университеті

Баишев Университеті

SCILLA жобасы Орталық Азия университеттерінің серіктестік бағдарламасы шеңберінде

«Шет тілдері және әдебиеті» кафедрасының профессоры, филол ғ.д. Бибигуль Кусанова және халықаралық байланыстар және академиялық мобильділік бөлімінің басшысы Жанат Ерниязова Орталық Азия университеттерінің серіктестік бағдарламасының (UniCEN) қолдауымен «Enhancing Teacher Preparation and Teaching Methodologies in Rural Kazakhstan-Next-Generation English-Language Teaching for STEM Teachers» тақырыбындағы сегіз айлық SCILLA (тілдік іс-шаралармен кіріктірілген STEM-контент) халықаралық жобасына қатысты.

Жоба 2020 жылдың мамыр айында ZOOM платформасында басталды. Жобаны Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры, Ph.D. Дуглас Хартман және Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, M. Ed Новицкая Юлия үйлестірді.