Баишев Университеті

Баишев Университет

Традиционный айтыс «начало года – наурыз » в Актобе

Айтыс – қазақ руханиятының алтын қазынасы, мәдени мұрасы.

Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Жыл басы — Наурыз» айтысын өткізді.

Мақсат – салт-дәстүрімізді ұлықтау, өңірде айтыс өнерінің дамуына қолдау көрсету, еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мен құндылықтарын, сондай-ақ облыстағы айтыс мектебінің шығармашылық әлеуетін насихаттау.

Айтыскерлердің өнерін белгілі ақындар Оралбай Кәметия және облыстық мәслихат депутаты Жұлдыз Қожабекова бастаған қазылар алқасы бағалады.

Ақындар әз Наурыз мерекесі мен салт-дәстүрімізді айтысқа арқау етті.

Ұзын саны 12 жас ақын қатысқан өнер бәсекесінде  Бірінші орынды Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 4-курс студенті Злиқа Наурызалина иеленді. Злиқаны шынайы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!