«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

    «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы университет құрылымын онтайландыру мақсатында 5В011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарының «Филология және аударма» кафедрасынан бөлініп шығуы нәтижесінде 26.08.2015 жылы құрылды.
    Кафедраны филология ғылымдарының кандидаты Исина Жаннұр Амангелдіқызы басқарады, ол 50-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен (2017), Ақтөбе облысы әкімінің «Жас ғалым» сыйлығымен марапатталған. 2015 жылдан бастап Ақтөбе облысы Жас ғалымдар Кеңесінің мүшесі, 2016 жылдан «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының белсенді мүшесі.
    Кафедра миссиясы ҚР МЖБС сәйкес білім беру бағдарламасына сай анықталады. Мазмұны мен қызметі 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті ББ Баишев Университетінің стратегиясымен, миссиясымен, болашақ бағдарымен және саясатымен сәйкестендірілген және жұмыс берушілер мен білім беру қызметін тұтынушылардың қажеттіліктеріне жауап береді.
    2017 жылдың қаңтар айында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің мамандандырылған аккредиттеуінен сәтті өтіп, 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім беру лицензиясын келесі 5 жылға, 6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының білім беру лицензиясын 3 жылға ұзартты.

    Кафедра мамандарды даярлап шығару кафедрасы ретінде жұмыс істейді және әртүрлі оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде, радио мен телевидениеде, баспа басылымдарында және жауапты мемлекеттік лауазымдарда табысты еңбек ететін білікті мамандарды дайындайды. Бакалавриат және магистратура түлектері филология және әдебиеттану саласында іргелі теориялық-әдіснамалық дайындықтан өтіп, заманауи әлемде кәсіби құзыреттілікке және әлеуметтік ұтқырлыққа кепілдік беретін толыққанды және сапалы ғылыми-педагогикалық білім алады.

  • Профессорлық-оқытушылық құрамы

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамында 18 штаттағы оқытушы және 2 штаттан тыс оқытушы бар: оның ішінде 1 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 10 магистр.

      1. Исина Жаннур Амангелдіқызы,кафедра меңгерушісі , ф.ғ.к., доцент
      2. Тлеуова Акмоншак Зархомкызы, ф.ғ.к., доцент
      3. Ниязова Гайша Мухамбетовна, ф.ғ.к., доцент
      4. Амангазиева Меруерт Кусаиновна, декан, ф.ғ.к., доцент
      5. Асанов Жұбаназар Асанұлы, ф.ғ.д., профессор
      6. Бораш Баян Тәліпұлы, ф.ғ.д., профессор
      7. Сұлтан Жайық Исаұлы, ф.ғ.к., доцент
      8. Миров Мұхтар Орынбасарұлы, ф.ғ.к., доцент
      9. Борамбаева Ақтоты Маликовна, магистр, аға оқытушы
      10. Ермекбаева Гульмира Габитовна, магистр, аға оқытушы
      11. Ертазина Сая Сыдыковна, магистр, аға оқытушы
      12. Төреханова Гүлжахан Маратқызы, магистр, аға оқытушы
      13. Ажуова Анаргүл Қанатқызы, магистр, аға оқытушы

Түлек шығарушы кафедра ретінде білікті мамандар түрлі білім беру мекемелерінде және ғылыми-зерттеу орталықтарында, радио және теледидарда, баспа орталықтарында, жауапты мемлекеттік қызметтерде жұмыс жасайды. Бакалавр және магистратура түлектері филология және әдебиеттану саласында қазіргі таңдағы кәсіби және әлеуметтік жан-жақтылыққа кепілдік беретін толық ғылыми-педагогикалық және теориялық-әдістемелік бағытта дайындалады.

 Оқу-әдістемелік жұмыс

    Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы тиімді оқу үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы оқыту әдістемесін игерген және толыққанды білімге ие.
    Кафедра құрамында «Қазақстан Республикасында білім беруді жаңғырту» жобасын басқару тобының маманы Ж.И. Сұлтан; ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, ғалым-зерттеуші Ж.А. Асанов; ҚР БҒМ «Жылдың үздік оқытушысы – 2014» атағының иегері Н.Н.Аитова; ҚазОТӘО қауымдастығының мүшесі М.К. Аманғазиева; ҚР жалпы білім беретін мектептеріне арналған қазақ тілі оқулықтарының авторы Г.Г. Ермекбаева жұмыс істейді.

    Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа формалар мен әдістерді таратуға ерекше көңіл бөледі, осы мақсатта оқыту әдістемесі саласында отандық және шетелдік жетекші мамандарды қатыстыру арқылы халықаралық конференциялар, оқыту семинарлары мен вебинарлар, шеберлік сабақтары өткізіледі.
    Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының жемісті жұмысының нәтижесінде ғылыми-әдістемелік материалдар, оқулықтар мен оқу құралдары, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері, заманауи технологиялар пайдалана отырып орындалатын жаттығулар мен түрлі тапсырмаларды қамтитын мультимедиалық оқу кешендері әзірленді. Олардың арасында келесі еңбектерді айрықша атауға болады: РОӘК рұқсатымен шығарылған «Генеративті грамматика», «Іскерлік қатынастар мәдениеті» оқу құралдары (Аитова Н.Н.); университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша жарияланған оқулықтар – «Лексикографиялық материалдардағы космонимдер» (Амангазиева М.К., Сұлтан Ж.И.), «Жалпы тіл білімі», «Грамматика теориясы» (Аитова Н.Н.); «Профессор Қ.Жұбанов және лингвистикадағы жаңашылдық» монографиясы (Аитова Н.Н., Сұлтан Ж.И. т.б.), «Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту үдерісіндегі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшіліктері» монографиясы (Максатова Д.М., Курманова Б.Ж.); «Батырлық эпостарды зерттеу әдістемесі» оқу-әдістемелік құралы (Асанов Ж.А.); «Ағылшынша-орысша-қазақша сөздік» (Аитова Н.Н., т.б.); «Интерактивті модульдік оқыту технологиясы» әдістемелік нұсқау (Ермекбаева Г.Г.), «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» (Борамбаева А.М.); «Сборник тестов по пусскому языку» (Максатова Д. М.). 

Ғылыми жобалар мен зерттеулер

    Жоғары білім беруді дамытудың қазіргі заманғы маңызды үрдістерінің бірі халықаралық бағдарламалар аясында бірлескен ғылыми зерттеулер және білім беру қызметтері мен ғылыми жетістіктерді экспорттау арқылы жүзеге асырылатын ЖОО ғылымын интернационалдандыру болып табылады. Ғылыми зерттеулерді кіріктіру және интернационалдандыру бірлескен зерттеулер жүргізу, халықаралық конференциялар өткізу және оларға қатысу, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін шетелдік журналдарда жариялау, бөлінген халықаралық гранттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу т.б. арқылы іске асырылады.
    ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің бұйрығымен 04 Қыркүйек 2018 ж. кафедра доценті, ф.ғ.к. Жайық Сұлтан Исаұлы жоғары білім беру — педагогикалық кадрларды даярлау  1 компонентінің маманы ретінде Дүниежүзілік банк (Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі) жобасының консультанты болып тағайындалды. (ҚР Білім және ғылым министрінің 04.09.2018 ж. № 443 бұйрығы).
    Кафедра доценті Ж.И. Сұлтанның қатысуымен халықаралық «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы аясында 9 млн 300 мың теңге сомасына «Мансапқа қатысты Британдық студенттердің сыни ойлауы» («Critical Thinking of British Students on Career Issues», Brunel University London, UK – тағылымдамадан өту гранты) атты бірлескен зерттеу жобасы жүзеге асырылды. Бүгінгі күні британдық ғалым Абрахам Алтонаянмен белсенді ғылыми ынтымақтастық жалғасуда.
    Зерттеу қорытындысы бойынша Ж.И. Сұлтан М.Акмулла атындағы БашМПУ ғалымы Ю.Ф. Сафиуллинамен бірлесіп «Ақбузат», «Заятулау и Хыухылыу» эпостарындағы кеңістік категориясының көрінісі» атты ғылыми мақала жариялады. Сонымен қатар, доцент Ж.И. Сұлтан А.Алтонаянмен және К.М. Абильдаевамен бірлесіп «Сыни ойлау дағдыларын бағалау/өзін-өзі бағалау: британдық және қазақстандық студенттер арасындағы салыстырмалы зерттеу» тақырыбында «Башкортостан педагогикалық журналында» (№3, 2016 ж.) мақала жариялады.

Кафедра доценті Н.Н. Аитованың ғылыми зерттеулерінің нәтижесі Татарстан Республикасының ғалымдарымен бірлесіп жазылған келесі мақалаларда көрініс тапты:

    Кафедраның аға оқытушысы Г.Н. Туржанова РФ ғалымдарымен бірге бітіру біліктілік жұмысының тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жүргізіліп, Р.Ахтариева, Э.Ибрагимова, Г.Саттаровамен бірлесіп «Journal of Social Studies Education Research» ғылыми журналында «Integration as a Form of Acculturation of Foreign Student –Future Teacher in the Polyethnic Educational Environment of the University» тақырыбында мақала жариялады (№ 3, 2018ж.). http://jsser.org/index.php/jsser/article/view/289

 Жарияланымдар 

    Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналысады және ғылыми зерттеулер нәтижелерін дәйексөздейтін ғылыми басылымдарда (Scopus, ККСОН) жариялайды. ПОҚ-тың дәйексөздейтін ғылыми басылымдардағы ғылыми жарияланымдары туралы мәліметтер (2017-2019 жылдар бойынша) 1-кестеде берілген. 

1-кесте. SCOPUS, ККСОН журналдарындағы ПОҚ жарияланымдары

SCOPUS

Оқытушының аты-жөні

Жарияланымның атауы

1

Бораш Б., Балтымова М., Шокым Г., Токсанбаева Т., Идрисова Э.

The Chinese Writing System in Orkhon Monuments: Research, Translations, Significance, Problems // CURRENT SCIENCE, VOL. 112, NO. 5, 10 MARCH 2017. p.1515-1526. 

http://d205bf9b29835e2f16f9-3a681bc2edda34aab95eb54c4df4a801.r61.cf1.rackcdn.com/assets/media/0001-3765-aabc-89-s3-2067.pdf

2

Нурова Л.,
Харисов Ф.,Харисова Ш., Аитова Н.
Innovations in turkic language teaching under conditions of polyilinguism// RevistaPublicando,
4 No 13. (1). 2017, p. 671-680.
https://revistapublicando.org/revista/index.php/crv/article/view/928/pdf_683

3

Садыкова С., Курманова Б.,Ергазина А., Амангазиева М.

Role of extracurricular activities in the student’s moral development // Modern Journal of Language Teaching Methods Vol. 7, Issue 3, March 2017 P. 445-460

http://mjltm.org/browse.php?a_code=A-10-1-42&slc_lang=en&sid=1

 

4

Шакирова Г., Харисов Ф.,
Аитова Н.
Forming of Linguistic Comptence at The Lessons of The Native Language: Psycho-pedagogical Aspect // Modern journal of Language Teaching Methods. ISSN: 2251-6204. Vol. 8, Issue 11, November 2018. P. 458-463
http://www.scopus.com/authid/detail.uri?origin=resultslist&authorld=57192104932&zone

5

Ахтариева Р., Ибрагимова Э.,
Саттарова Г., Туржанова Г.

Integration as a Form of Acculturation of Foreign Student –Future Teacher in the Polyethnic Educational Environment of the University // Journal of Social Studies Education Research, Vol 9, №3 (2018), 317-331.//SCOPUS ISSN: 1309-9108

http://jsser.org/index.php/jsser/article/view/289

6

Мурзинова A., Тымболова A., Ельшибаева K., Абдирасилова Г., Кушкимбаева A., Миров M.

The national and cultural peculiarities of stereotyped precedent names (A case study of the Kazakh. Russian. and English languages // XLinguae (Slovakia). ISSN 1337-8384, Scopus c 2011 XLinguae – 2018. –V. 11.ISS.2. – P. 703-717

https://www.researchgate.net/publication/325209905_The_national_and_cultural_peculiarities_of_stereotyped_precedent_names_A_case_study_of_the_Kazakh_Russian_and_English_languages

7

Динаева Б.Б.
Сапина С.М.
Утанова А.К.
Аитова Н.Н.

Application Features of Language Acquisition Assessment System in Kazakhstan: KAZTEST

// International Journal of Environmental and Science Education – 2016.- V.11.- NO 18.- P.11351-11360//SCOPUS

8

A.Z, Tleuova,
M.R Baltymova,  G.M.Niyazova,
Z.O. Tektigul
T.Z. Toxanbayeva 

Наличие индекса  Хирша(h)
Документ  и тенденции цитирования
Название документа:
The word of fantasy and the trends in modern Kazakh fantastic literature.// IEJME-Mathematics education 2016, VOL.11. NO.6, 1591-1605

9

K.Suleimenova
A.Akbulatov
M.Azhgaliev
G.Nurbekova
Zh. Issina

Specificity of increasing the reader culture of students at literature lessons// Journal of Language and Literature, ISSN: 2078-0303, VOL. 7 No. 4. November, 2016

10

J.Assanov,
А. Pangereev,
M.Baltymova,
B. Borash,
E.Idrissova

«Edigeу» as the common heritage of the Turkic people: Historical basis of the epos.// International Journal of Environmental and Science Education. – 2016.-V.11.-Iss.14.- P.6395-6408.

//SCOPUS

11

B. Borash,
M.Baltymova, G.Shokym,
T.Toxanbayeva, E.Idrissova

The Chinese Writing System in Orkhon Monuments: Research, Translations, Significance, Problems// CURRENT SCIENCE, VOL. 112, NO. 5, 10 MARCH 2017. p.1515-1526. 

12

A.Bekbauova, S.Utaliev, A.Agisbayeva, M.Baltymova, G.Khussainova, G.Kupenova
А.Duisenbayev

Patriotic education in creative experience and pedagogical heritage of turkic people// Annals of the Brazilian Academy of Sciences. – November 2017. — 89 (3 Suppl.). — P. 2320-2327

 

13

M.Shashtygarin,
G.Zhukenova, M.Kurgambekov, A.Duisenova,
А.Duisenbayev

Pedagogical Basis of Technical Creativity of Pupils// Annals of the Brazilian Academy of Sciences. – November 2017. — 89 (3 Suppl.). — P. 2354-2362

14

М.Shashtygarin, N.Daumov, V.Islamgalieva, G.Saduakas
А.Duisenbayev

Psychological and Pedagogical Problems ofDevelopment of Schoolchildren’s Scientific Work// Annals of the Brazilian Academy of Sciences. – December 2017.  — 89 (4 Suppl.). — P. 3265-3275

15

S.Sadikova
B.Kurmanova
A.Yergazina
M.Amangazieyva

Role of extracurricular activities in the student’s moral development// Modern Journal of Language Teaching Methods ISSN: 2251-6204

Vol. 7, Issue 3, March 2017 Page 445-460

16

L.Nurova
F.Kharisov
C. Kharisova
N.Aitova

«Innovations in the teaching of turkic languages in conditions of polyilinguism»// Innovations In Turkic Language Teaching Under Conditions Of PolyilinguismRevistaPublicando, 4 No 13. (1). 2017, 671-680. ISSN 1390-9304

17

G.Shakirova
F.Kharisov
N.Aitova 

Forming of Linguistic Comptence at The Lessons of The Native Language: Psycho-pedagogical Aspect// Modern journal of Language Teaching Methods. ISSN: 2251-6204. Vol. 8, Issue 11, November 2018. P. 458-463

18

G.Bazargaliyev, B.Momenov, N.Daumov, A.Abylgazyiev,
А.Duisenbayev

Actual problems of muslim pedagogy// Modern Journal of Language Teaching Methods. ISSN: 2251-6204. – Iran, Vol. 8, Issue 10, October 2018. – P.258-264.

19

N.Daumov, A.Kuzdybayeva, A.Zhumagaziyev, Sh.Turebayeva,
А.Duisenbayev

Information educational technologiesas а problem of pedagogics// Modern Journal of Language Teaching Methods. ISSN: 2251-6204. – Iran, Vol. 8, Issue 11, November 2018. – P.87-93.

20

B.Yerdembekov
A.Tleuova
M.Baltymova
A.Abdirgazieva
Z.Sapakhova

The Poetrical Genre of Kazakh Literature — The Dedication (Arnau)Thomson;// Modern Journal of Language Teaching Methods. ISSN: 2251-6204. – Iran, Vol. 8, Issue 6, June 2018. – P.346-356 346-356 бб.

21

Акжолова А.

Formation of skills to work with source in primary shool students.// RevistaEspacios. Venezuela:– 2018,ISSN:0798-1015, SJR_2018:0,13 (scopus).– V.39.- Iss.38, P. 31-41.

22

Murzinova, A., Tymbolova, A., Yelshibaeva, K., Abdirassilova, G., Kushkimbayeva, A., MirovM.

The national and cultural peculiarities of stereotyped precedent names (A case study of the kazakh, russian, and english languages)// (2018) XLinguae, 11 (2), pp. 703-717

23

Isakova S.S.
Kusaiynova Zh.A.
KenzhemuratovaS.K.
Zhuminova A.B.
Utegulov O.Z.
Mukhtarullina A.R.

Worldview within the terms of concepts, sphere of Concepts and // ConceptualizationAnaleleUniversitatii din Craiova – SeriaStiintefilologice,  LingvistikaVolume 40, Issue 1-2, 2018, Page 298-317 Scopus.

 

24

Акжолова А.

Construction of Dual System of Preparation of Engineering-Pedagogical Personnel at Higher Education Institute// ASTRA Salvensis, an VII, numãr 13, 2019 P.345-359

ККСОН

1

Амангазиева М.К.

Л.З. Будаговтың «Түрік-татар  сөздерінің  салыстырмалы  сөздігінің» қазақ лексикографиясындағы орны // Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – №2 (123), 2018 ж. – 38-44 бб.
http://www.enu.kz/downloads/materials2/2-123-2018-vestnik-filologiya.pdf

2

Амангазиева М.К.

Түркі лексикасының орыс тіліндегі көрінісі // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №3 (171). 2018 ж.  – 77-83 бб.
http://orleuastana.kz/wp-content/uploads/gurnal-bilim-gana/58.pdf

3

Сабыр М.Б.,
Исина Ж.А.

Связь лексического фонда казахского языка с лексикой среднетюркского языка, 0,5 б.т.//«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал №9/2 2019

4

Сабыр М.Б.,
Исина Ж.А.

Көне қыпшақ жазба ескерткіштерін зерттеудің өзекті мәселелері, 0,3 б.т.// ҚазҰПУ Хабаршысы

5

Амангазиева М.К.
Исина Ж.А.

Сөздiктepдeгi «жұлдыз» aтaуының лeкcикa-ceмaнтикaлық сипаты, 0,9 б.т.//«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал №9/2 2019

6

Тілеуова А.З.
Ниязова Ғ.М.

Жоқтаудың жанрлық генезисі,0.4б.т. //Қазақстанның ғылымы мен өмірі.№9/2 2019

7

Тілеуова А.З. Ниязова Ғ.М.

Мифтік санадағы фантастикалық модельдер, 0.4б.т.//Қазақстанның ғылымы мен өмірі.№9/2 2019

8

Тілеуова А.З. Ниязова Ғ.М.

Тарлан табиғаты, 0.4 б.т.//Қазақстанның ғылымы мен өмірі.№10/2 2019

9

Тілеуова А.З. Ниязова Ғ.М.

Қазақ повесі: жанр және поэтика мәселелері,0.4 б.т.// Қазақстанның ғылымы мен өмірі.№10/2 2019

10

Амангазиева М.К.

Лексикографиялық деректердегі «ай» лексемасының танымдық сипаты, 0,9 б.т.// «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал №4 (79) 2019

11

Амангазиева М.К.

Бүгінгі таңдағы аударматану мәселелері,0,9 б.т.//
 «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал №7 (2) 2019

12

Амангазиева М.К.

Түркі халықтары тіліндегі аспан денелері атауларының когнитивтік сипаты,0,9 б.т.// БҚМУ Хабаршысы ғылыми журналы №2, (74) 2019

13

Амангазиева М.К.

Қазақ лексикографиясындағы Н.И. Ильминскийдің орны, 0,9 б.т.// «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал №9/2 2019

14

Амангазиева М.К.
Асанов Ж.А.

Мөңке би ғибраттарындағы сөз тіркестерінің мағыналық ерекшеліктері, 0,9 б.т.// Көкшетау мемлекеттік университеті Хабаршысы ғылыми журналы  №4, 2019

15

Амангазиева М.К.

Халық ақыны Сарышолақ Боранбайұлы шығармашылығының тақырыптық аясы, 0,9 б.т.// «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал №9/2 2019

16

Амангазиева М.К.
Ермекбаева Г.Г.

Построение процесса обучения на основе индивидуального и дифференцированного подхода как педагогическое условие формирования учебной языковой среды, 0,5 б.т.//«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал, №10/1 2019

17

Ермекбаева Г.Г.

Инновационные подходы к достижению личностных результатов обучающихся, 0,6б.т.//Башкирский педагогический журнал

 

 Академиялық ұтқырлық және тағылымдамалар

    Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары мектептің маңызды міндеттерінің бірі білім берудің қолжетімділігін, сапасын және тиімділігін арттыруға ықпал ету үшін оны  жаңғырту болып табылады. Бұл мақсаттарға қол жеткізуге, әсіресе ПОҚ және білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту жұмыстары ықпал етеді.
    Академиялық ұтқырлық мәселесі жыл сайын кафедра мәжілістерінде қаралып, халықаралық қызмет және академиялық ұтқырлық бойынша жұмыс жоспары әзірленеді, осыған сәйкес оқытушылар мен білім алушылардың сыртқы және ішкі ұтқырлығын ұйымдастыру жұмыстары жоспарланады.
    Кафедра қызметінің маңызды бағыттарының бірі қазақстандық (Абай атындағы ҚазҰПУ, СДУ, БҚИТУ, Қ.Жұбанов ат. АРМУ т.б.) және шетелдік жоғары оқу орындарымен, орталықтарымен (М. Акмулла ат. БашМПУ, Іле педагогикалық институты, Гази университеті және т. б.) ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
    Кафедра ынтымақтастықты дамыту және нығайту, академиялық ұтқырлықты арттыру, бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында отандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының ірі ғалымдарын тұрақты түрде шақырып отырады. Шақырылған дәріскерлер қатарында доцент Қ.Кудеринова (Сүлеймен Демирел университеті, Алматы қ.), профессор М.Б. Сабыр (Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ.), профессор Р.А. Сұлтангереева (Ресей Ғылым академиясының Уфа ғылыми орталығы, Уфа қ.) бар.
    2017-2018 және 2018-2019 оқу жылдары (2018-2019 оқу жылының 1 жарты жылдығы) бірлескен оқу және ғылыми қызметті жүзеге асыру мақсатында шетелдік ғалымдар Баишев университетінің ПОҚ және білім алушылары үшін сабақтар жүргізіп, вебинарлар өткізді, зерттеу тақырыптары бойынша баяндамалар жасады (2-кесте).

2-кесте. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелден шақырылған ғалымдар 

Оқытушының аты-жөні

ЖОО, зерттеу тақырыбы

2017-2018 оқу ж. 1 жарты жылдығы

1

Буюклиев Н.П.

Черноризец Храбр ат. Варна еркін университеті, Болгария. «Білім берудегі Менеджмент» пәні.

2017-2018 оқу ж. 2 жарты жылдығы

2

Кудрявцева Е.Л.

«ИКаРуС» БО, ГФР, Гутов қ. «Критериалды бағалау технологиясы» пәні.

3

Суюнова Н.Х.

КЧР Үкіметі жанындағы Қарашай-Черкес гуманитарлық зерттеулер институты. Зерттеу тақырыбы: «Эдиге» эпосы ноғай рухани мәдениетінің этнотарихи және көркемдік ескерткіші ретінде».

4

Алибаев З.А.

М. Акмулла ат. БМПУ, Уфа қ., РФ. Зерттеу тақырыбы: «“Иҙеүкәй менән Мораҙым” тарихи ҡобайырының башҡорт варианттарының үҙенсәлектәре».

5

Ижбаева Г.Р.

М. Акмулла ат. БМПУ, Уфа қ., РФ. Зерттеу тақырыбы: «Шығармадағы ұлттық сананы бейнелеудегі тілдік тұлғаның когнитивті базасының маңыздылығы».

6

Тагирова С.А.

М. Акмулла ат. БМПУ, Уфа қ., РФ. Зерттеу тақырыбы: «Идукай және Мұратым» эпосындағы қара /черный және аҡ/белый түс белгілерінің лексика-семантикалық нұсқалары».

7

Төрткүлбаева Т.А.

Ажинияз ат. Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты. Зерттеу тақырыбы: «Едіге дастаны және қарақалпақ аймағы қазақ ақын-жырауларының тарихы эпикалық мұралары».

8

Алламбергенов К

Ажинияз ат. Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты. Зерттеу тақырыбы: ««Едиге» дәстанының  миллий версияларындағы Едигениң туўылыўы ҳәм теклик (этногенезлик) келип шығыўы мотивиниң тарийхый типологиясы».

9

Әмірлан С.Е.

Қарақалпақ гуманитарлық зерттеулер институты. Зерттеу тақырыбы: «Қарақалпақ халық поэзиясында ҳәм жыраў-шайырлар дөретиўшилигинде Ер Едиге бийнеси».

2018-201оқу жылының 1 жарты жылдығы

10

Ижбаева Г.Р.

М. Акмулла ат. БМПУ, Уфа қ., РФ. Зерттеу тақырыбы: «Қазіргі білім беру үдерісіндегі тиімді коммуникация мен тұлғааралық қатынастардың ерекшеліктері».

11

Тагирова С.А.

М. Акмулла ат. БМПУ, Уфа қ., РФ. Зерттеу тақырыбы: «Башқұрт тілін ана тілі ретінде оқыту теориясы мен әдістемесі (мемлекеттік тіл ретінде)».

 

    ҒЗЖ орындау барысында «Орыс және қазақ халықтарының тілдік бейнесіндегі «жақсылық» және «зұлымдық» концептерінің репрезентациясы», «Қазақтардың дәстүрлі этикасы және исламның этикалық нормалары» тақырыптары бойынша кафедра доценттері М.К. Амангазиева, Т.Ж. Тоқсанбаева Альчиде де Гаспери Юзефов атындағы Еуроөңірлік экономика университеті базасында (Польша) 2017 жылдың 10-24 наурыз аралығында тағылымдамадан өтті.
    Кафедраның аға оқытушылары Туржанова Г.Н., Вахитова Т.Ф., Ермекбаева Г.Г. 2017, 2018 жж. маусым айында М.Акмулла атындағы БашМПУ-да (РФ, Уфа) сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
2018-2019 оқу жылының ІІ жарты жылдығында ішкі академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру аясында доцент М.О. Миров Ш. Есенов ат. КМТИУ (Ақтау қ.) білім алушылары үшін «Тіл білімдегі жаңа бағыттары», «Қазақ тілінің стилистикасы» піндері бойынша сабақтар өткізді.
    25.02.01.2019 ж. аралығында кафедраның аға оқытушылары М.Н. НуржановаД.М.Максатова, А.К. УтепбергенА.А. Карагулова ішкі академиялық ұтқырлық аясында «Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бегельдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты» РММ-де «Тілдік пәндер сабақтарындағы заманауи білім беру технологиялары», «Оқуға қызығушылықты қалыптастыруға арналған психологиялық-педагогикалық жағдайлар» және «Сабақтарда бейне/кино клиптарды қолдану / Using film/video clips in lessons» тақырыптары бойынша баяндамалар жасады.
    Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы М.Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлескен білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісім жасады, осының нәтижесінде 5В011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының білім алушылары Уфа қаласында (РФ) оқуға мүмкіндік алды.

            Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру туралы 2017 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың қаңтары аралығындағы мәліметтер 3-кестеде берілген. 

3-кесте. 5В011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті ББ білім алушыларының
академиялық ұтқырлығы

ЖОО, қала, келгеннемесекеткенелі

Курс, оқутілі

Студенттердіңаты-жөні

Шығысакадемиялықұтқырлығы

2016-2017 оқу жылы

2жарты жылдық

1

М. Акмулла ат. Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, Уфа қ., РФ

3 курс, қаз. тобы

Жұмағазыев Нұрымжан Қасымұлы

2

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., ҚР

2 курс, қаз. тобы

Әбдуали Айзат Талғатқызы

2 курс, қаз. тобы

Оспанова Кенже Махымғалиқызы

2 курс, қаз. тобы.

Жұмабаева Альбина Болатқызы

2017-2018 оқу жылы

1- жарты жылдық

1

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент қ., ҚР

3 курс, қаз. тобы

Сисенбаева Нұршат Болатқызы

3 курс,қаз. тобы

Әбдуали Айзат Талғатқызы

2 жарты жылдық

1

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., ҚР

1 курс, қаз. тобы

Әсет Жайнар Жумабекқызы

2 курс, қаз. тобы

Ерхан Еркеназ Ерханқызы

2018-2019 оқу жылы

1 -жарты жылдық

1

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., ҚР

2 курс, қаз. тобы

Сейтказиева Жазира Сандыбайқизи

3 курс, қаз. тобы

Тамашова Венера Батырханқызы

2

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., ҚР

2 курс, қаз. тобы

Отаралина Айымгуль Нурлыбеккызы

3

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент қ., ҚР

2 курс, қаз. тобы

Әсет Жайнар Жумабекқызы

2-жарты жылдық

1

М. Акмулла ат. Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, Уфа қ., РФ

3 курс, қаз. тобы

Ерхан Еркеназ Ерханқызы

2

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., ҚР

2 курс, қаз. тобы

Миятбек Гүлнар Қайратқызы

2 курс, қаз. тобы

Ғалымжанова Зере Нұржанқызы

2 курс, қаз. тобы

Қойшыбекова Гүлсезім Ақтұрсынқызы

3 курс, қаз. тобы

Түгелбаева Гүлназ Абылайқызы

3 курс, қаз. тобы

Нұрберген Айнұр Ермұратқызы

Кірісакадемиялықұтқырлығы

2016-2017 оқу жылы

2жарты жылдық

1

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., ҚР

2 курс, қаз. тобы

Құлманов Ұлағат Арғынұлы

2 курс, қаз. тобы

Cатенова Ақбота Қаражанқызы

2 курс, қаз. тобы

Феликс ГаухарФеликсқызы

2 курс, қаз. тобы

Моржанова Халила Мухтарқызы

2017-2018 оқу жылы

1 жарты жылдық

1

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., ҚР

3 курс, қаз. тобы

ҚұлмановҰлағатАрғынұлы

2

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент қ., ҚР

3 курс, қаз. тобы

Абдуразакова Курбоной Мамиржанқызы

3 курс, қаз. тобы

Колдарова Роза Эркиновна

2 -жарты жылдық

1

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., ҚР

3 курс, қаз. тобы.

Құлманов Ұлағат Арғынұлы

2018-2019 оқу жылы

1 -жарты жылдық

1

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., ҚР

2 курс,  қаз. тобы

Оңайбаева Нұрбибі Есетқызы

2 курс, қаз. тобы

Сакенова Жанайым

2 -жарты жылдық

1

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Орал қ., ҚР

3 курс,  қаз. тобы

Жаманбаева Онайша Максимовна

   3 курс, қаз. тобы

Сүндетова Мирамгүл Сәлімгерейқызы

 Әлеуметтік-тәрбие қызметі

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы қабылданған тәрбие жұмысының тұжырымдамасына сәйкес кәсіби қызмет саласында заманауи жеке тұлғаны қалыптастыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді.

             Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

  • Азаматтық-патриоттық: Мемлекеттік тіл саясатын қолдауды қамтамасыз ету; көпұлтты Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлері мен мәдениетіне төзімді, құрметпен және ұқыпты қарауды қалыптастыру;
  • Рухани-адамгершілік тәрбие: үйлесімді жеке тұлғаны қалыптастыру, жоғары рухани құндылықтарды, ұлттық сана сезімді дамыту;
  • Құқықтық: жастар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу;
  • Дене тәрбиесі: спорттық жарыстарға қатысу, оқушылардың спорттық бос уақытын ұйымдастыру;
  • Мәдени-көпшілік: көркем үйірмелерге қатысу, эстетикалық талғамды қалыптастыру, студенттік көркемөнер шығармашылығын дамыту;
  • Әлеуметтік: сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға негізделген нақты азаматтық ұстанымды қалыптастыру; білім алушылардың еріктілер қозғалысын дамыту.

    Кафедра  мамандығының білім алушылары университеттің дәстүрлі іс-шараларына белсенді қатысады (Білім күні, Студенттер қатарына қабылдау, Тілдер апталығы, мемлекеттік және ұлттық мерекелер және т.б.). Кафедра отырыстарында үлгерім, рухани-адамгершілік тәрбие, білім алушыларды әлеуметтік қорғау мәселелері: ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау нәтижелері, білім алушылармен қосымша жұмыс т.б. мәселелер үнемі талқыланады.
    Топ жетекшілерінің тәрбие жұмысын жоғары деңгейде тиімді ұйымдастыруын білім алушылардың фестивальдар, конкурстар, байқаулар, көрмелер, КВН ойындары, тақырыптық мерекелер және т. б. әр түрлі деңгейдегі іс-шараларда өол жеткізген жетістіктері дәлелдейді.

     5В011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығының көптеген білім алушылары 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап кафедраның түлегі Ғалымжанов Каршығаның басшылығымен жұмыс істей бастаған «Алаш» студенттік театрының мүшелері. Театр әр уақытта көрерменнің жүрегінде терең із қалдыратын өзінің жарқын қойылымдарымен танымал. Бұл шығармашылық ұжым «На Николаевской – 2016» (Орынбор) XXVII студенттік шығармашылық фестивалінің жеңімпазы.

     Студент Хожагулова Айдана — «Үміт нұры» еріктілер тобының жетекшісі. Топ мүшелері түрлі қайырымдылық акциялар мен жәрмеңкелерді ұйымдастырумен айналысады. Осы іс-шараларды өткізуден жиналған қаражат мұқтаждарға, балалар үйінің, қарттар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсету үшін жұмсалады.

     Қазіргі кезеңде жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі қоғамның және әрбір азаматтың, соның ішінде мүгедектігі мен денсаулық мұмкіндіктері шектеулі азаматтардың ағымдағы қажеттіліктеріне жауап беретін сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
    Баишев университетінде денсаулық мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар  үшін «Мүгедектер мен денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыру туралы ереже» (10.09.2015ж.), «С.Баишев атындағы Ақтөбе университетінде инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырудың 2016-2020 жылдарға арналған жоспары» әзірленіп, қолданылуда (29.09.2013 ж.). Бұл ішкі құжаттар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ҚР-да инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін бекіту туралы 2015 жылғы 1 маусымдағы № 348 бұйрығына, Университеттің Жарғысына сәйкес әзірленіп, студенттік кеңес мүшелерінің ұсыныстары ескеріле отырып қабылданды.
    Оқу үдерісін мүгедектер мен денсаулық мүмкіндіктері шектеулі білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асыру үшін, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары – ф.ғ.к., доцент Тоқсанбаева Т.Ж., ф.ғ.к., доцент Айтова Н.Н., магистрлер Ажуова А.К., Максатова Д.М., Тұржанова Г.Н., Өтепберген А.К., Карагулова А.А., Ертазина С.С., Ермекбаева Г.Г., Борамбаева А.М., Вахитова Т.Ф. және т.б. университеттің Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтына шақыру бойынша келген дәріскер, ОМПУ-нің профессоры, п.ғ.д. А.В. Москвинаның жетекшілігімен «Инклюзивті білім берудің теориялық және заңнамалық негіздері» атты халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 20.11.2017 – 01.12.2017ж. аралығында 72 сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру  курсынан өтті.

Кафедра клубтары

    Кафедрада «Кәусар» ғылыми-танымдық үйірмесі және «Тілтаным» лингвистикалық мектебі жұмыс істейді, олардың негізгі қызметтері білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мемлекеттік тілге қолдау көрсетуге, адамгершілік-идеялық білім беруді жүзеге асыруға бағытталған.
    «Кәусар» әдеби үйірмесінің негізгі мақсаттары: әдеби шығармашылық қабілеттері бар  дарынды білім алушыларды анықтау; білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту мақсатында шығармашылық байқауларын өткізу (эссе байқауы, көркемсөз оқу сайысы және т.б.); Республиканың, Ақтөбе қаласы мен облыстың тіл және әдебиет саласындағы зиялы қауыммен байланыс орнату (конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б. ұйымдастыру).

    Доцент Н.Н. Айтова  ұйымдастырып, жетекшілік ететін «Тілтаным» лингвистикалық мектебі білім алушылар арасында тіл және тілдер туралы ғылыми білімді насихаттау мақсатын көздейді. Лингвистикалық мектептің әр отырысы міндетті университеттік курс бағдарламаларында қамтыла қоймайтын лингвистикалық және пәнаралық сұрақтар төңірегіндегі ауқымды мәселелер қарастырылатын филолог-оқытушылардың қызықты дәрістері түрінде өтеді.  

  • Кафедраның марапаттары мен жетістіктері

     5В011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті, 6М011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламалары Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі рейтингіне қатысады, оның мәліметтері қазақстандық ЖОО-лар арасында Баишев университетінің аталған білім бағдарламаларының өз орнын барған сайын тұрақты түрде нығайтып келе жатқандығын дәлелдеп отыр. Бағалау «Дарынды студенттердің, оқытушылар мен зерттеушілердің жоғары концентрациясы», «Академиялық ұтқырлық», «Бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігі», «Мамандық бойынша педагогтардың, магистранттардың және докторанттардың ғылыми жарияланымдарының бәсекеге қабілеттілігі» сияқты көрсеткіштер бойынша жүргізілді.

  АРТА-ның соңғы 3 жылдағы ҚР жоғары оқу орындары тәуелсіз рейтингінің қорытындысы бойынша кафедраның білім беру бағдарламаларының көрсеткіші  

ББ атауы

Жылдар / иеленген орындар

1

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

2016-2017

2017-2018

2018-2019

14

10

7

 

ББ атауы

Жылдар/ иеленгшен орындар

1

6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті

2016-2017

2017-2018

2018-2019

12

3

2


    Баишев университеті жыл сайын ПОҚ педагогикалық қызметінің сапасын жоғарылату және оқу үдерісінің сапасын жетілдіру мақсатында профессор-оқытушылар құрамының рейтингін жүргізеді. Рейтинг қорытындысы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары университеттің 30 үздік оқытушыларының тобына енді:

  •  — 2016-2017 оқу жылы — ф.ғ.к., доцент Токсанбаева Т.Ж., ф.ғ.к., доцент Айтова Н.Н., аға оқытушы Ермекбаева Г.Г. (19.09.2017 жылғы №110-п бұйрығы).
  • — 2017-2018 оқу жылы — ф.ғ.к., доцент Токсанбаева Т.Ж., ф.ғ.к., доцент Айтова Н.Н. (14.06.2018 жылғы № 80-с бұйрығы).

Университет кафедраларының 2017-2018 оқу жылындағы рейтинг нәтижесі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 2 орынды иеленді.

2017-2018 оқу жылында магистр, аға оқытушы Ермекбаева Г.Г. «Үздік әдістемелік жоба» байқауында университет бойынша 1 орын алды.

  • Білім алушылардың жетістіктері

    Кафедраның білім алушылары түрлі деңгейлерде өткізілетін конкурстарға, конференцияларға, семинарларға, жарыстарға қатысады.
    ҚТмӘ-101 тобының студенттері Жиенғазиева Тыныс және Қайпбаева Назипа (жетекшісі Г.Г. Ермекбаева) «ҚазГензиус Вирд» интеллектуалдық және шығармашылық даму орталығы ұйымдастырған I Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, 1 орын алды (2018 жылдың қараша айы).
    5В011700 — Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жүлдегерлері атанды: Ескендірова А. (ҚТмӘ-101) және Қайроллаева А. (ҚТмӘ-101) — «Аналар – асыл жандар» II республикалық байқауында «Ақындық өнер» номинациясы бойынша Гран-при  жүлдесін (2018 жылдың наурыз айы); Ескендірова А. (ҚТмӘ-201) — «Ұлттық валюта — ұлттың мақтанышы» (қараша, 2018) Республикалық эссе, сурет және поэзия конкурсында 1 орын иеленді.
    Жұмағазиев Нұрымжан (ҚТмӘ-401) «Мен жастар сенемін!» атты 5-ші республикалық патриоттық студенттік фестиваліне қатысып, «Елдің инновациялық дамуына қосқан менің үлесім» номинациясы бойынша сертификат алды.
    Кафедраның білім алушылары олардың болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру, кәсіби танымдарын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған оқыту семинарларына, вебинарларға, шетел ғалымдарының қатысуымен өткізілетін курстарға (растайтын сертификаттар берілетін) белсене қатысады.
    2017 жылдың 27 қазаны мен 5 қарашасы аралығында 4 курс білім алушылары Жанабаева С.Т. (ҚТмӘ-401), Ахмет Г.Қ. (ҚТмӘ-401), Аманқалиева Б.Н. (ҚТмӘ-401), Қуандық А.Қ. (ҚТмӘ-402), Аманжол А.Ө. (ҚТмӘ-401), Наурызова А.Б. (ҚТмӘ-402), Ахан Ә.Б. (ҚТмӘ-402) «XXI ғасырдағы тиімді оқыту дағдыларын дамыту: инновациялық білім беру технологиясының тәжірибесі» республикалық оқу-әдістемелік семинары аясында ҚазМЗУ-да  72 сағат көлеміндегі біліктілікті арттыру курсынан өтті.
    2018 жылдың қаңтарынан мамыр айына дейін «ҚТмӘ-401» тобының білім алушысы Бисеналина А.Т. «Aseрas» тілдер орталығында практикалық ағылшын тілі курсын аяқтады (B1 деңгейі — Intermediate).
    3-курс білім алушылары Нұралиева Д. (ҚТмӘ-302), Сисенбаева Н. (ҚТмӘ-302), Әбдуали А. (ҚТмӘ-302), Мурадинова А. (ҚТмА-302), Мырзағұлова А. (ҚТмӘ-302), Турешова А. (ҚТмӘ-302), Хожагулова А. (ҚТмӘ-302), Төребай А. (ҚТмӘ-302), Көмекова Ж. (ҚТмӘ-302) сыни және креативті ойлау бойынша 72 сағат көлемінде Черноризец-Храбр (Болгария) атындағы Варна еркін университетінің профессоры, PhD докторы Н.П. Буюклиевтің оқыту семинарын бітіргені туралы сертификаттар алды (02/19/2018 — 06.03. 2018).
    17.02.2018 ж. — 14.05.2018 ж. аралығында  Қуантай А. (ҚТмӘ-301), Жұмақұлова Ә. (ҚТмӘ-301) «Заманауи білім беру технологиялары» тақырыбындағы 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті.
    ҚТмӘ-302 тобының білім алушылары Хожагулова А., Мырзағұлова А., Санаева С., Төрешова А. «Көпмәдениетті білім беру саласындағы инновациялық технологиялар»  атты халықаралық сырттай біліктілікті арттыру курстары аясында  п.ғ.к. Е.Л.Кудрявцеваның (Гутов қ., ГФР) вебинарына қатысты (23.04.2018-14.05.2018 ж. 72 сағ.).
    Кафедра магистранттары студенттер мен магистранттардың ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады.
    2017 жылдың қарашасында 2-ші курс магистранттары «Жұбантану» ғылыми-зерттеу орталығы (Қ.Жұбанов ат. АМӨУ) Қазақстанның халық жазушысы, академик Зейнолла Қабдоловтың 90 жылдығына орай ұйымдастырған «Зейнолла Қабдолов және әдебиеттанудың өзекті мәселелері»  атты  магистранттар арасындағы  республикалық ғылыми онлайн-конференцияға қатысты.

    7 ноября 2018 жылдың 7 қарашасында  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы мен университеттің «Рухани жаңғыру» орталығы ҚР БҒМ-нің М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесіп «Сандық (цифрлық) кезеңдегі гуманитарлық ғылымдардың даму бағыты»  атты онлайн-конференция өткізді. Осы конференцияда кафедра магистранттары (Давлетова М., Даулетов А., Аманжол А., Бисеналина А., Ерболат Л. және т.б.)  баяндамалар жасап, қазақстандық ғылымының өзекті мәселелерін талқылауға қатысты.

Біздің серіктестеріміз

    Университетпен жасалған келісімшарттарға сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының серіктестері: М.Акмулла атындағы БашМПУ (Уфа), Х. Досмұхамедов атындағы АМУ (Атырау), «Болашақ» университеті (Қызылорда), БҚИТУ (Орал қ.), М.Өтемісов атындағы БҚМУ (Орал қ.), Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы), ҚазМҚПУ (Алматы), Ш.Есенов атындағы КМТИУ (Ақтау), Қорқыт Ата атындағы ҚМУ (Қызылорда), «Сүлейман Демирел атындағы Университет» (Қаскелең), «Тұран-Астана Университеті», «ОҚПУ» (Шымкент) және т.б.

  • Кафедра жаңалықтары