Сыртқы академиялық ұтқырлық

Сыртқы академиялық ұтқырлық

  • Venue:
    • г.Актобе, Ул. Братьев Жубановых 302А. Баишев Университет

«Баишев университеті» оқу орны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 199 «2023 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған орындардың санын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес игерілген білім беру бағдарламаларын кредиттер түрінде міндетті түрде қайта есептеу арқылы бір семестрге академиялық ұтқырлық (бакалавриат) шеңберінде конкурс жариялайды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық аясындағы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру Университет пен шетелдік серіктес ЖОО-ның арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы жасалған келісімдеріне сәйкес жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар екі жолмен ұсынылуы мүмкін:

 

  1. Университеттің халықаралық қатынастар бөліміне келесі құжаттар тізімі ұсынылады:

1) білім алушының өтініші;

2) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттар: университет мөрімен расталған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;

4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (өтініш беруші келесі құжаттардың бірін ұсынады):

 Шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL) арқылы алынған сертификат (бар болған жағдайда);

 Шетелдік университеттің студенттің тілді меңгеру деңгейі бойынша қабылдау жөніндегі келісім хаты;

5) № 072/у нысанындағы медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);

6) егер ол Қазақстан Республикасынан кету кезiнде он сегiз жасқа толмаған болса, өтiнiш берушiнiң ата-анасының, қорғаушысының, заңды өкiлдерiнiң шетелге шығуға жазбаша келiсiмi;

7) көп балалы отбасы екендігін растайтын студенттің отбасы құрамы туралы құжат (бар болса);

8) білім алушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санатына (болған жағдайда) жатқызылған білім алушыларға);

9) студенттің мүгедектігін растайтын құжат (бар болса).

  1. Egov.kz порталы арқылы:

1) өтініш берушінің ЭЦҚ қойылған өтініші;

2) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының электрондық көшірмесі;

3) білім туралы құжаттардың электрондық көшірмесі: университет мөрімен расталған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;

4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (өтініш беруші келесі құжаттардың бірін ұсынады):

 Шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат, бар болған жағдайда;

 Шетелдік университеттің студенттің тілді меңгеру деңгейі бойынша қабылдау жөніндегі келісім хаты;

5) медициналық анықтаманың электрондық көшірмесі (шетелге шығатындар үшін);

6) егер ол Қазақстан Республикасынан кету кезінде он сегіз жасқа толмаған болса, өтініш берушінің ата-анасының, қорғаушысының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;

7) ) көп балалы отбасы екендігін растайтын студенттің отбасы құрамы туралы құжат (бар болса);

 

8) білім алушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар санатына (болған жағдайда) жатқызылған оқушылар үшін);

9) студенттің мүгедектігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (бар болса).

 

Үміткерлерді іріктеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613бұйрығымен бекітілген «Шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жолдама беру қағидаларына» сәйкес талапкерлерді іріктеу комиссиясы жүзеге асырады..

Байқау бойынша кеңес беруді университеттің халықаралық қатынастар бөлімі жүзеге асырады

 

Жұмыс кестесі:

1) Университеттің халықаралық қатынастар бөлімі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала тіркелусіз және жеделдетілген қызмет көрсету режимінде жүзеге асырылады.

Мекен-жайы: Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 302А, 423 бөлме немесе zh_yerniyazova@bu.edu.kz);

2) egov.kz порталы: тәулік бойы.

Іс-шараға қосылу

2024-7-27 2024-7-27 Pacific/Midway Сыртқы академиялық ұтқырлық «Баишев университеті» оқу орны Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 199 «2023 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған орындардың санын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес игерілген білім беру бағдарламаларын кредиттер түрінде міндетті түрде қайта есептеу арқылы бір семестрге академиялық ұтқырлық (бакалавриат) шеңберінде конкурс жариялайды. Республикалық бюджет […] г.Актобе, Ул. Братьев Жубановых 302А. Баишев Университет
Add to Calendar
You already has been joined the event.
×
Thank you! You joined the event.
×