Көңілді тапқырлар клубы (бұдан әрі – КТК) – жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, төзімділікті, шығармашылық әлеуетті, актерлік ойынды дамытуды жүзеге асыратын білім алушылардың ерікті бірлестігі.
КТК мақсаттары мен міндеттері:
- Жастар КТК қозғалысын дамыту және қолдау;
- Жастар саясатын іске асыру;
- Жастарды белсенді саяси және қоғамдық өмірге тарту;
- КТК қозғалысын насихаттау және КТК жергілікті командаларын қазақстандық және халықаралық деңгейге көтеру;
- Жастар ортасында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, әлеуметтік-жауапты мінез-құлық дағдылары, сондай-ақ гуманизм құндылықтары мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешіледі:
- Белсенді көркемдік-эстетикалық қызмет түрлері арқылы жастардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру;
- КТК қатысушыларының шығармашылық қарым-қатынас ортасын құру;
- Жастарға патриоттық тәрбие беру;
- Оқу орындары мен студенттік ұжымдар арасындағы достық байланыстарды кеңейту;
- КТК және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға тарту үшін ең белсенді және креативті тұлғаларды анықтау;
КТК қызметінің бағыттары
- КТК ойындарында өнер көрсетуге дайындық;
- Университет командасының әр түрлі деңгейдегі КТК сайыстарына тұрақты қатысуы;
- Университеттің мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, оның ішінде мемлекеттік және Ұлттық мерекелер кезінде қатысу;
- КТК ойындарына қатысу үшін кіші курс студенттерін дайындау және оқыту, жас ауысымды тәрбиелеу.
- Ұйым мүшелері-жасөспірімдер үшін өз біліктері мен дағдыларын пайдалану және қабілеттерін басқа адамдарға пайда келтіру арқылы өзін-өзі жүзеге асыру жағдайларын жасау;