Баишев Университеті Линкольн Университетімен өзара түсіністік туралы меморандумына қол қойды

Трансұлттық білім беру (TNE) жобасы аясында ағымдағы жылғы шілденің 12 мен 14 аралығында Баишев университетінің ректоры, Ph.D. Бауыржан Ташмұхамбетов Линкольн университетінде (Линкольн, Ұлыбритания) болды. Сапар барысында Бауыржан Ғалиханұлы Линкольн Университетінің ректоры Нил Джастермен, Линкольн Университетінің проректоры және Халықаралық бизнес мектебінің директоры Крейг Маршпен және университеттің басқа да өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі университет арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ университеттер арасындағы білім және ғылым салалары бойынша байланысты дамыту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Баишев университеті мен Линкольн университеті Британдық Кеңестің Creative Spark және Going Global Partnerships Programme жобалары аясында 2020 жылғы қазан айынан бастап бірге жұмыс жасап келе жатқанын естеріңізге саламыз.