Новости

«Қазақстан Республикасы өңірлік жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының ғылыми әлеуетін дамыту: тәлімгерлік үлгісі»

Қазақстанда мемлекеттік деңгейде ғылымды қажетсінетін экономиканы дамыту жөніндегі міндеттерді шешу үшін шаралар қабылданады және «Ғылым туралы» Заңды одан әрі іске асыру жүргізіледі, онда озық әлемдік практикаға бейімделген ғылымды басқару моделі қалыптастырылған.

Бұл мәселеде Баишев университетінің ғылыми қауымдастығы да белсенді қызығушылық танытып, жыл сайын Қазақстан ғылымының басым бағыттары бойынша гранттық қаржыландыру шеңберінде ҚР БҒМ және салалық министрліктердің жарияланған байқауларына қатысады.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №519 «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» қаулысының 39, 40-тармақтарына сәйкес Кеңес (PhD) философия докторы Ж.А. Майданғалиеваның (Баишев университеті) жобасын гранттық қаржыландыруға арналған өтінімін мақұлдау туралы шешім қабылдады.

ҰҒК шешімінің негізінде «Развитие научного потенциала молодых ученых региональных вузов Республики Казахстан: модель менторства» тақырыбында «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» бағыты бойынша 53828389 теңге сомасына гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеуді орындауға грант алынды (2022 жылғы 20 мамырдағы келісім-шарт негізінде).

Іске асыру мерзімі – 01.03.2022 – 31.12.2024 жылдар, 34 ай).

Жоба жетекшісі

Жумагуль Майдангалиева

Философия докторы (PhD) (6D011800 – Орыс тілі және әдебиеті)     

Ғылыми қызметкер

Бауыржан Ташмухамбетов

Молекулалық медицина: Медициналық микробиология саласы бойынша Философия докторы (PhD)

Ғылыми қызметкер

Гульжана Кузембаева

Педагогика және психология магистрі Философия докторы (PhD) (6D021000 – Шетел филологиясы)

Смотрите также