«Мемлекеттік және жергілікті басқару» бейіндік бағыт

7М04112

Уровень обучения

Магистратура


Форма обучения

Очная / Очная дистанционная

Продолжительность обучения

2 года

Мемлекеттік және жергілікті басқару саласында бәсекеге қабілетті, әлеуметтік жауапты, іргелі білімі, инновациялық тәсілдері мен зерттеу дағдылары бар, жұмысқа орналасу болашағын  қамтамасыз ететін мамандарды даярлау

Қазақстан Республикасы Президентінің (ҚР) аппараты мен Әкімшілігі; ҚР Парламентінің аппараты; ҚР Үкіметінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелері; экономика мен қаржыны басқару органдары (министрліктер, ведомстволар және агенттіктер); жергілікті басқару органдары (аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдіктері) және атқарушы органдардың аппараттары; ұлттық мемлекеттік және жеке компаниялар, концерндер, корпорациялар және басқалар.

  • мемлекеттік басқару саласында тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде коммуникацияға қабілетті
  • Кәсіби қызметте сандық технологияларды ( Smart-технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз ету,1С-бухгалтерия , электрондық үкімет қосымшасы, интернет) қолдана алады
  • адамгершілік нормалары мен моральдық сананың құндылықтарына сүйене отырып, түрлі қызмет салаларында құқықтық білім негіздерін қолдануға қабілетті
  • Қоғамның дамуының макро – және микроэкономикалық үрдістері мен елдің экономикалық саясатының негізгі бағыттарын талдай отырып, басқару қызметінің ерекшелігін сипаттай алады.
  • маркетингтік зерттеулер, бастапқы деректерді жинау және талдау негізінде кәсіпорынның стратегиялық даму жоспарларын әзірлеуге, ҚР құқықтық заңнамасының нормаларын сақтауға қабілетті
  • кәсіби қызметті мемлекеттік қызмет туралы  заң шеңберінде  жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік реттеу және бақылау тетіктерін пайдалануға қабілетті
  • Сапаны басқарудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын пайдалана отырып, ҚР Бюджет жүйесінде стратегиялық міндеттерді іске асырудың тиімділігіне мониторинг және бағалау жүргізуге қабілетті
  • қоғамның өндіргіш күштерін орналастыру және оңтайландыру тұжырымдамасын негізге ала отырып, жергілікті басқару органдарының құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеуге қабілетті
  • кешенді әлеуметтік-экономикалық зерттеулер контексінде мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін негізге ала отырып, өңірлердің экономикасын басқаруды жетілдіру тұжырымдамасын әзірлеуге қабілетті
  • инновациялық және инвестициялық жобаларды басқару  тұтқаларын пайдалана отырып, бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын іске асырудың нәтижелері мен салдарын бағалауға қабілетті
  • облыстардың, өңірлер мен қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуының кешенді жоспарларын әзірлеуге, сондай-ақ ел мен өңірлердің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті

  • Бейсов Ж.Ж.- «Ақтөбе облысы бойынша статистика Департаменті»    басшысы
  • Маханова  А.Н.- «Халықты жұмыспен қамту орталығы» ККМ басшысы
  • Мусашева Г.К- Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы