1. Баишев Университетінің магистратурасы бойынша білім беру бағдарламаларының тізімі
2. Магистратураға қалай түсуге болады?
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының жобасына сәйкес ЖОО магистратурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.
*Өтініштерді қабылдау мерзімі келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 10 маусым мен 15 шілдесі;
2) күнтізбелік жылдың 1-18 қарашасы аралығында жүргізіледі.
*Кешенді тестілеу КТ келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 20 шілде мен 10 тамыз аралығында;
2) күнтізбелік жылдың 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады
Күнтізбелік жылғы 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.
Магистратураға түсушілерге арналған араб тілінен түсу емтиханы және шығармашылық емтихандары ЖЖОКБҰ-да келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылдың 16 – 25 шілдесі;
2) күнтізбелік жылдың 7-10 желтоқсаны аралығында жүргізіледі.
КТ-ға қатысу құны 11 020 теңгені құрайды.
*қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр, тестілеу мерзімі мен баға прейскурантына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ және (немесе) түсу емтихандары және (немесе) шығармашылық емтихандар бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы, араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламалары топтары бойынша – кемінде 75 балл;
2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін – кемінде 50 балл;
3. Тестілеу түрі
Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 75 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:
ағылшын тілі: ІELTS Academіc (Іnternatіonal Englіsh Language Testіng System Academіc), шекті балл кемінде – 6,0;
TOEFL ІBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnternet-based test), шекті балл кемінде – 60;
TOEFL PBT (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 498;
неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Nіveau С1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Nіveau С1/С1 деңгейі);
француз тілі: TFІ (Test de Franзaіs Іnternatіonal™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), DELF (Dіplome d’Etudes en Langue franзaіse) – B2 деңгейі, DALF (Dіplome Approfondі de Langue franзaіse) – С1 деңгейі, TCF (Test de connaіssance du franзaіs), шекті балл кемінде – 50.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес балдармен GRE (Graduate Record Examіnatіons) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес балдармен GRE (Graduate Record Examіnatіons) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-ден босатылады.
«Бизнес және басқару» мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес балдармен GMAT (Graduate Management Admіssіon Test) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды тапсыру кезінде, сондай-ақ ЖЖОКБҰ-ға қабылдау кезінде ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және жарамдылық мерзімін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары тексереді.
Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 баллдық бағалау жүйесінің шкаласы
Тест түрлері | Тапсырма нысаны | Тапсыру тілі | Тест саны | Балл |
Шет тілі бойынша тест* | Тыңдалым Лексика-грамматикалық тест Оқылым | Ағылшын/ Неміс/ Француз | 50 | 50 |
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест | Бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ/ Орыс | 30 | 30 |
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест ** | Бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ/ Орыс | 30 | 30 |
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау | Қазақ/ Орыс | 20 | 40 | |
Барлығы | 130 | 150 |
Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100 баллдық бағалау жүйесінің шкаласы
Тест түрлері | Тапсырма нысаны | Тапсыру тілі | Тест саны | Балл |
Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест | Бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ/Орыс | 30 | 30 |
Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест | Бір дұрыс жауапты таңдау | Қазақ/Орыс | 30 | 30 |
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау | Қазақ/Орыс | 20 | 40 | |
Барлығы | 80 | 100 |
4.Кешенді тестілеудің бейіндік пәндері
Кешенді тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Білім беру бағдарламасы тобының коды | Білім беру бағдарламасы тобының атауы | Бейіндік пәндер | |
1 бейінді пән | 2 бейінді пән | ||
М017 | Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау | Педагогика | Қазақ тілін оқыту әдістемесі |
М019 | Шет тілі педагогтерін даярлау | Педагогика (қазақ, орыс, ағылшын тілі) | Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері) (ағылшын, неміс, француз тілдері) |
М070 | Экономика | Кәсіпорын экономикасы | Макроэкономика |
M071 | Мемлекеттік және жергілікті басқару | Мемлекеттік басқару теориясы | Экономиканы мемлекеттік реттеу |
М074 | Қаржы, банктік және сақтандыру ісі | Қаржы негіздері | Корпоративтік қаржы |
5. Құжаттар тізімі
1) Университет ректорының атына өтініш
2) Жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа)
3) Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) және оның 2 дана көшірмесі
4) 3×4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет
5) 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама + флюорография
6) Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат
7) КТ сертификаты / Сертификат КТ
8) Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін)
9) Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда)
10) Тезтікпе, конверт (А5), файл.
6. Байланыс мәліметтері
Жұмыс тел.:8(7132)-51-15-96
WhatsApp: +7(778) 477 59 66
E-mail: eduausb@mail.ru; info@bu.edu.kz
Instagram: @baishev_2022
Мекенжай: Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 302 А (8 ш/а және Нан комбинаты аялдамалары, қозғалыс бағыттары: №№3, 6, 8А, 22, 24, 25, 27, 46, 48, 51А автобустары)