Қажетті құжаттар

Бакалавриат

Оқу мерзімі: Жалпы орта білім негізінде – 4 (5) жыл; техникалық және кәсіптік білім беру негізінде – 3 (4) жыл; жоғары білім негізінде – 2 (3) жыл

Бакалавриатқа оқуға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі

1) Университет ректорының атына өтініш;

2) Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа);

3) Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) және оның 2 дана көшірмесі;

4) ҰБТ сертификаты;

5) 3×4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;

6) 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама + флюорография;

7) Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік немесе әскери билетінің көшірмесі;

8) 063/у нысаны бойынша профилактикалық екпе картасының көшірмесі;

9) Құжат тігілетін мұқаба(скоросшиватель), конверт (А5), файл.

Магистратура

Оқу мерзімі: Бейіндік бағыт – 1 жыл / Ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл

Магистратураға оқуға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі

1) Университет ректорының атына өтініш;

2) Жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа);

3) Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) және оның 2 дана көшірмесі;

4) 3×4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;

5) 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама + флюорография;

6) Шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат;

7) КТ сертификаты;

8) Еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

9) Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);

10) Құжат тігілетін мұқаба(скоросшиватель), конверт (А5), файл.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кезеңі

Бакалавриатқа құжат қабылдау мерзімі: 20 маусым – 25 тамыз.

Магистратураға құжат қабылдау:

1) 20 маусым – 28 тамыз;

2) 01 – 18 қараша.

Магистратураға оқуға қабылдау келесі мерзімде жүргізіледі

1) 15 – 28 тамыз;

2) 26 желтоқсан – 10 қаңтар.

Университетте оқу жылы қыркүйек және қаңтар айларында бейіндік магистратура бағдарламалары бойынша басталады.

Байланыс мәліметтері:

Жұмыс тел.: 8(7132)-51-15-96

WhatsApp: +7(778) 477 59 66

E-mail: abiturent@bu.edu.kz; info@bu.edu.kz

Instagram: @baishev_2022

Мекенжай: Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 302 А (8 ш/а және Нан комбинаты аялдамалары, қозғалыс бағыттары: №№3, 6, 8А, 22, 24, 25, 27, 46, 48, 51А автобустары).