Шетелдік студенттерді оқыту

Шетелдік студенттер Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Шетелдік студенттер өз елдерінде қазақ тілі мен қазақ мәдениеті дәстүрлерінің жолсеріктері болып табылады. Баишев университетінде шетелдік студенттердің болуы біздің университеттің қажеттілігін және оның рейтингін көрсетеді. Негізінен Баишев университетінің шетелдік студенттер контингентін Иран, Қытай, Ресей, Өзбекстан және басқа да елдердің студенттері құрайды.

Оқу кезеңінде шетелдік студенттер өз факультеті мен Университетінің қоғамдық, ғылыми, спорттық, мәдени өмірінің толық қатысушылары болып табылады.

Шетелдікті ІІД Көші-қон қызметі басқармасында тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Паспорттың нотариус куәландырған көшірмесі және қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы
  2. Ұлты көрсетілген (этникалық қазақтар үшін)жеке басын куәландыратын құжаттың және қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының нотариус куәландырған көшірмесі
  3. Нотариуспен расталған медициналық анықтаманың көшірмесі
  4. Фото 3,5х4,5 (6 дана)

Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу

Қазақстандағы шетелдік елшіліктер мен консулдықтар

Қазақстан Республикасының шетелдегі елшіліктері мен консулдықтары

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының азамматары үшін визалық режимі

Шетелдік студенттердің пікірлері

Мен МГІ-301 студенті Әсет Есіл (Қытай) боламын. Маған өзім оқып жатқан университетім қатты ұнайды. «Жақсы университет қандай талаптарға сәйкес келу қажет? Біздің университетіміз сәйкес келе ме? » бұл сұраққа мен былай деп жауап бергім келеді: Біріншіден, бір университетті жақсы деп айту үшін ол танымал болу қажет. Ал біздің университетіміз әр жылы білім сапасы жағынан әр шыңдардан көрініп жүр. Екіншіден, оқу сапасы жағынан алды болу керек. Ал біздің университетіміздегі сабақ беретін  ұстаздардың білімдері мол. Үшіншіден, студенттерге байланысты. Ал біздің университетіміздің студенттері білім жағынан болсын, оқу жағынан болсын өздерін дәделдей алады. Төртіншіден, жақсы университет өзінің ерекше мәдени мұрасына ие болуы керек.  Біз бұны әйгілі мектептердің мектептегі ұрандарынан анық білеміз. Ал біздің ұранымыз «жемқорлықтан айығу, жемқорлықты болғызбау». Міне, мен білім алып жатқан Баишев университеті сондай талаптарға сай келетін жоғары оқу орны.

Мен  –  МГІ 301 студенті Арғын Арман (Қытай). Мен сүйікті білім ордамды сүйемін, сан мыңдаған түлектерді білімнің алып қанатымен қанаттандырып,  армандарына талаптандырып, маңдай терін Отаны үшін төгуге баулитын біздің Баишев менің және талапты түлектердің қиял қанатына айналған аяулы білім ордасы.  Сүйікті ортам баулитын шәкірттерің жылдан жылға арта берсін, ел игілігі, Отан болашағы үшін талапты жастар өсіп шыға берсін.

Мен, Полатбекова Оразгуль, Баишев университеті Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының 1 курс студентімін. Мен Өзбекстан Республикасының азаматымын.  Біздің Университетте оқу сапасы жақсы. Біздің университетте коррупция жоқ, білім сапасы жоғары.  Маған универсиетіміз ұнайды.

Я, Адилов Кайратты, студент университета имени Сактагана Баишева, учусь по специальности «Строительство», гражданин Российский Федерации.  Очень рад учёбе именно в этом университете,  так как жизнь на нашем факультете очень интересна.  Преподаватели всегда готовы помочь, если возникают непонимания в своём предмете всегда откликаются. Также, хотел сказать про одногруппников, хоть мы и все с разных городов, мы очень дружные.

Мен, Жақсылықова Эльмира, Қарақалпақстан Республикасынан келдім. 2019 жылы Баишев университетіне 6В04141 Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түстім.   Оқу барысында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша үлкен білім алудамын. Цифрландыру дәуірінде 1С бухгалтерияның негіздерін оқыдым. Оқу барысында мен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып,  университет жобасына және конференцияларға қатысып жүрмін.

Мен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4-курс студенті Жәнібек Аяжан, академиялық ұтқырлықпен 3-курс оқып жүрген да алғаш рет Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып, бағымды сынаған едім. Маған бұл тәжірибе қатты ұнады. Сол себептен де, биыл соңғы төртінші курсымда да академиялық ұтқырлықпен тағы бір оқып көргім келіп, Башқұрт мемлекеттік М. Ақмолла атындағы педагогикалық университетіне академиялық ұтқырлықпен оқуға түстім (Уфа қ., РФ). Башқұрт мемлекеттік Университеті маған ұнап жатыр. Себебі, Университет Баишев Университетімен тығыз байланыста. Ал екіншіден, тапсырмаларды орындау мерзімі студенттің өз еркінінде. Тағы бір ұнаған тұсы, студентке берілетін ақпараттар теорияға ғана емес, онымен қатар практикаға өте көп көңіл бөлінеді. Университет оқытушылары да өте сауатты, өз маманының шеберлері, нақты, жеңіл түсіндіруге тырысады. Башқұрт мемлекеттік Университетінде академиялық ұтқырлық аясында білім алып жатырғаныма қатты қуаныштымын.

Мен Байшев университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4- курс студенті Карбоз Айымжан Тамашақызы, қазіргі таңда Башқұрт мемлекеттік М.Ақмолла атындағы педагогикалық университетіне академиялық ұтқырлықпен (Уфа қ., РФ) оқып жатырмын.
Башқұрт мемлекеттік М.Ақмолла атындағы педагогикалық университетінде білім алудың негізгі артықшылықтарының бірі ретінде мен мыналарды белгілер едім: біріншіден, жоғары деңгейдегі университеттермен әріптестік және үздік оқытушылар; екіншіден, зерттеуге үлкен көңіл бөлу; және үшіншіден, өткізілетін сабақ пен орындалатын тапсырмаларды өзіңе ыңғайлы уақытта орындауға болады.
Алға қойған мақсатым – болашақта жас ұрпаққа сапалы білім беріп, үлгілі педагог болу. Ал, сол арманды жүзеге асыруға Башқұрт мемлекеттік М.Ақмолла атындағы педагогикалық университеті азғана болсада үлесін қосады десемде болады, мен өзімнің Башқұрт мемлекеттік М.Ақмолла атындағы педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық аясында білім алып жүргендігімді мақтан тұтып айта аламын.

Мен Байшев университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенті Адилбекова Аяжан Бексултановна,2021жылдың 1жарты жылдығында академиялық ұтқырлықпен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универсетінде білім алып келдім.ҚАЗҰПУ-де оқу біраз студенттердің арманы шығар,өйткені университеттің артықшылықтары өте көп.Ең алдымен 90жылдық тарихы бар университтеттің бірі,көптеген рейтингтерінде өзінің алғашқы позициясын сақтап келеді.Университте білім өте жоғары деңгейде берілді,оқытушылардың өздері де өте білімді,көптеген саланы,тілді меңгерген,студенттерге талап ете отырып,өзіңе үлкен жауапкершілікті жүктейсің,тіпті тек қана білім алып қана қоймай,өзіңді дамытасың,мен университетте біраз тәжірибе жинадым.Және ҚАЗҰПУ-не бару мен үшін бір үлкен мүмкіндік болды,аз ғана уақытқа барсамда,өзімді көрсетіп,Ректор қолынан сертификат алдым,бұл мер үшін жетістіктің бірі,мен Абай университетіне барғаныма еш өкінбеймін!

Мен Алматы технологиялық университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенті Қазбеков Мейірбек Жандарбекұлы. Мен екі университеттің арасындағы тығыз қарым-қатынастың арқасында 2021-2022 оқу жылының 2ші жарты жылдығында Ақтөбе қаласындағы «Баишев Университеті» мекемесіне академиялық ұтқырлық аясында ауысып келдім. Маған университет қатты ұнады, атап айтқанда мұғалімдері және группаластарым. Сонымен қатар, мен барлығымен тез тіл табыса алдым және сабақ барысы өте қызықты әрі түсінікті өтті.
Мені жылы қарсы алған мұғалімдерге және маған үйренісуге көмектескен группаластарыма риза болдым. Келесі жылы Баишев Университетінде тағы ұтқырлық аясында оқығым келеді.