Студенттердің шығыс академиялық ұтқырлығы

Баишев Университеті өз студенттеріне Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлем бойынша 50-ден астам серіктес ЖОО-да оқу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқитын студенттер саны артып келеді. Өтінімдерді қабылдау жылына 2 рет өткізіледі: мамыр-маусым, желтоқсан.

Академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін (оның ішінде қашықтық форматта) студентке ХБ департаментіне ұсыну қажет:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен бекітілген нысан бойынша өтініш (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген);
  2. үміткер, қабылдаушы және жіберуші жоғары оқу орындары арасында қол қойылған келісім;
  3. шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының нысан бойынша толтырылған сауалнамасы.
  4. фото 3х4 (6 дана);
  5. ұсыныс хат (куратордан);
  6. Жеке оқу жоспары;
  7. транскрипт оқудың барлық кезеңі үшін;
  8. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) №086 нысан – Қазақстанда оқу үшін, №082 нысан – шетелде оқу үшін (күндізгі оқу кезінде);
  9. флюорография суреті (серіктес ЖОО талап етуі бойынша, жатақханада тұру үшін);
  10. академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберуге үміткердің ата-анасының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі;
  11. жеке куәліктің және/немесе ұлттық паспорттың 2 дана көшірмелері;
  12. оқу орнынан анықтама (серіктес ЖОО талабы бойынша);
  13. шет тілін білетіндігін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL, HSK), бар болса;
  14. грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері, олар болған жағдайда;
  15. папка скоросшиватель.

Шетелге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған жадынама

Тонгмионг университеті (Корея Республикасы)

Синьцзян қаржы және экономика университеті (ҚХР)

Наньчан университеті (ҚХР)

Гуансий университеті (ҚХР)

Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті. М. Ақмолла (Уфа қ., РФ)

Удмурт мемлекеттік университеті (Ижевск қ., РФ)

Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті (РФ)

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал қаласы)