ENACTUS Kazakhstan National EXPO 2020

Enactus Baishev University командасы ZOOM платформасында 13-20 тамызда өткен ENACTUS Kazakhstan National EXPO 2020 студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен инновациялардың Ұлттық кубогына қатысты.
Еліміздің университеттерінен 52 өтінім келіп түсіп, алдын-ала есеп беру қорытындылары бойынша жарыcқа 30 ЖОО-на жолдама берілді. Enactus Baishev University командасы Астана медицина университеті, Astana IU University, Тұран университеті, Toraighyrov University және ЖенПУ университеттерінің командаларымен 3 лигаға түсті. Біздің команда эко-сөмкелер өндірісі бойынша үшінші болып өз презентациясын ұсынды. Эко-сөмкелер пластикалық пакеттерді ауыстырады және кітаптарды, папкалар мен ноутбуктерді салуға ыңғайлы. https://enactus.kz/
29 қазан күні университеттің конференц залында команданың эдвайзері Ж.Т. Ерниязова мен команда қатысушыларына университет ректоры Б. Ғ. Ташмұхамбетов Энактус Қазақстан президенті Альбина Ержанованың алғыс хаттарын табыстады.


