Өкіл құқықтық ағарту бойынша С.Баишев атындағы университет басшысымен жұмыс кездесуін өткізді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Байдуллина С.Баишев атындағы Ақтөбе университеті ректорының міндетін атқарушы О.И.Лыгинамен жұмыс кездесуін өткізді. 

Кездесу барысында адам мен азаматтың негізгі құқықтарын қорғау тақырыбында құқықтық ағарту шараларын бірлесе отырып жүзеге асыру бойынша әңгіме жүргізілді, алдағы уақытта бірлесе іске асырылатын іс-шаралар мен жобалар туралы айтылды.

Атап айтқанда, университеттің оқытушыларымен, студенттерімен өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ақпарат алмасу, бірлескен дөңгелек үстелдер және басқа да шаралар өткізу, білім беру бағдарламаларын енгізу туралы әңгіме жүргізілді.

Кездесу нәтижесінде өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

27 сәуір күні Баишев университетінде Қазақстан ғылым күніне орай ұйымдастырылған Ғылым онкүндігінің жабылу салтанаты өтті.

Ғылым онкүндігін қорытындылау сөзі Ғылым және стратегиялық даму проректоры Лыгина Ольга Ивановнаға берілді, сонымен қатар Баишев университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушыларын барлық өткізілген шаралар бойынша марапаттау рәсімі жасалды.

Марапаттау әртүрлі номинациялар бойынша, соның ішінде: «Ең үздік ғылыми іс-шара», «Білім алушының ең үздік ғылыми жұмысы» бойынша ақшалай сыйақылар табысталды.

25 сәуірде Баишев университетінде Ғылым онкүндігі аясында «Құқық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, з.ғ.к. Б.А. Телібеков және з.ғ.к. И.М. Телібековамен ұйымдастырылған, «Құқық» мамандығының 1, 2, 3 курс студенттері және кафедра оқытушыларының қатысуымен «Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметінің құқықтық реттеу мен тәжірибесінің мәселелерін талдау және талқылау» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қонақтар ретінде тәжірибелі мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары А.У. Күшбаев, А.А. Сүлейманов, Н.С. Уразов, Ақтөбе облысы Заң кеңесшілері палатасының заң кеңесшісі Е.Т. Мұқанов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бүкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының доценті С.Б. Құлбаевтар қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері және жедел-іздестіру қызметін құқықтық реттеуі сұрақтары, жеке детективті жұмыс енгізу мәселелері бойынша кафедра оқытушылары мен 3 курс білім алушылары Н.Дагисова және И. Позднякова мақалаларын жариялады, сондай-ақ әлеуметтік қорғау шараларын күшейту ретінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің өмірін және денсаулығын міндетті мемлекеттік сақтандыруды енгізу қажеттігі туралы айтып шықты.

«Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметінің құқықтық реттеу мен тәжірибесінің мәселелерін талдау және талқылау» атты дөңгелек үстелден көріністер

25 сәуір күні «Ауылшаруашылық және экология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашақ зерттеушілер – ғылымның болашағы» олимпиадасы «6В05211 – Экология», «6В091 – Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарамасының 3 курс және «Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасының білім алушылары арасында болды.

Олимпиаданың мақсаты – білімді оқу және кәсіптік қызметте пайдалана білу және студенттерді ғылыми-зерттеу әрекетіне тарту болып табылады.

«Болашақ зерттеушілер – ғылымның болашағы» олимпиадасынан көріністер