Конрад Аденауэр атындағы Қордың Sur-Place стипендиялық бағдарламасы

Біз Сіздердің назарларыңызға Конрад Аденауэр атындағы Қордың Sur-Place стипендиялық бағдарламасын ұсынуға қуаныштымыз
Осы бағдарламаның көмегімен Конрад Аденауэр атындағы қор оқуда өз қабілеттерін ашып қана қоймай, өз елінің саяси және әлеуметтік өміріне белсенді араласа отырып, білімін, күші мен бастамасын арнауға дайын дарынды жастарға қолдау көрсетеді.
Sur-Place гранты 6 ай мерзімге берілетін ай сайынғы өтеусіз ақшалай төлем.
Байқауға кімдер қатыса алады?
Қазақстанның жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімдерде оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары – бакалавриат немесе магистратура бойынша білім алушылар Қордың стипендиаттары бола алады. Соңғы курс студенттеріне стипендия тағайындау өзге талаптармен қарастырылуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру барысында қатысушы 30 жастан аспауы тиіс.
Байқауға іріктеу кезінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, белсенді өмірлік ұстанымы, кең ой-өрісі және алға қойған мақсатқа ұмтылушылығы бар студенттерге басымдық беріледі. Шет тілін білу құпталады, бірақ міндетті емес.
Байқау іріктеуі
Қордың Болашақ стипендиаттары екі кезеңдік байқау іріктеуінен өтеді: қажетті құжаттарды тапсыру және сұхбат.
Байқауға қайда және қалай қатысуға болады?
Байқауға қатысу үшін құжаттардың толық пакетін (төменде көрсетілген) электрондық түрде келесі электрондық поштаға жіберу қажет: sps-kaz@kas.de
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 31.12.2020 ж.
Сұхбатқа баруға байланысты шығындар
Нұр-Сұлтан қаласында өтетін сұхбатқа қатысу шығындарын Қор өз мойнына алады. Жол жүру ақысы қатысушылардың есебінен болады.
Тапсыруға тиіс толық құжаттар тізімі (ағылшын немесе неміс тілінде):
- үміткердің жаңа фотосуреті бар толтырылған сауалнамасы;
- түйіндеме;
- мотивациялық хат (2 беттен аспауы тиіс);
- бағалар транскрипті (аударма міндетті емес);
- оқу орнынан анықтама (аударма міндетті емес);
- қосымшасы бар бакалавр дипломы (магистратура магистранттары үшін).