Университет 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе бөлімі ретінде құрылды.
1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе бөлімшесі Батыс Қазақстан экономика және қаржы институты болып қайта құрылды.
2001 жылы Батыс Қазақстан экономика және қаржы институты Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті болып өзгертілді.
2012 жылы ҚР БҒМ-нің Жоғары оқу орындарын оңтайландыру туралы ұсыныстарына сәйкес және ЖОО-ның университетпен өзара келісімі бойынша «Дуние» Ақтөбе әлеуметтік-техникалық институты біріктірілді.
2019 жылдан бастап сақтаған Баишев атындағы Ақтөбе университеті өткізілген ребрендинг нәтижесінде Баишев Университеті болып қайта құрылды (BAISHEVIVERSITET) (Бақылау кеңесі отырысының шешімі, 24.12.2018 ж. № 5 хаттама).
Баишев университеті – Қазақстанның инновациялық дамуын кадрлық және ғылыми қамтамасыз етудің көп салалы орталығы, ол білім беру және ғылыми қызметтер сапасының халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкестігіне кепілдік беруге, әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікке интеграциялау негізінде өз қызметін жаңартуға арналған.
Университет Құндылықтары:
Баишев университеті дайындық бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады; басым бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындайды; жастарды тәрбиелеу және жастар саясаты әлеуметтануы саласындағы жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылады.
Университет қызметінің аса маңызды қағидаттары: білімнің фундаменталдығы мен сапасы, білім мен ғылымның үздіксіздігі мен сабақтастығы, қоғам мен мемлекетке пайдалылығы, университеттің қазақстандық және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі болып табылады. Стратегиялық жоспарлауға, сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесіне негізделген университетті басқарудың жаңа қағидаттары қалыптасты. Университеттің миссиясы, мақсаттары мен міндеттері Ақтөбе облысының даму мақсаттарына, міндеттеріне және басымдықтарына сәйкес келеді, бұл: салалық ерекшелігін ескере отырып, өңірдің кәсіпорындары мен ұйымдары үшін құзыретті мамандарды даярлауда көрініс табады. Ақтөбе облысының қазіргі экономикалық, техникалық, технологиялық, экологиялық және басқа да проблемаларын ескере отырып, қолданбалы ғылыми зерттеулерді қалыптастыру мен орындауда.
Университеттің миссиясы: Қазақстанның инновациялық дамуы үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік-жауапты кадрларды даярлау.
Университеттің пайымы: Ғылым, білім және өндіріс интеграциясына негізделген ашық инновациялар университеті.
Университетті дамытудың стратегиялық бағыттары республиканың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамытудың басымдықтарымен келісіледі және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, білім беру мен ғылымның Мемлекеттік бағдарламасы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, рухани-адамгершілік құндылықтар және «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру»жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде ұлттық білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған. Баишев Университет ел дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін бөліседі және өзінің даму бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оларды іске асыруға ұмтылады.
Университеттің саясаты білім беру қызметінің сапасын арттыруға; кадрлық әлеуетті нығайтуға, ғылым мен өндірістің интеграциясын қамтамасыз етуге, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеуге, материалдық-техникалық базаны дамытуға, университет құрылымын жетілдіруге бағытталған. Университеттің ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі университеттің МПС – на, сапа саласындағы саясатына және ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар», Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық стандарттарына (ESG) сәйкес дамуды қамтамасыз етеді.
Білім беру қызметінің басқару саясаты және оның қызмет ету тиімділігі құрылымдық бөлімшелер арасындағы тұрақты өзара байланыстардың бірлігін қамтамасыз ететін университеттің жоғары тиімді ұйымдастырушылық құрылымын құруға негізделген. Университетте алқалы және консультативтік-кеңесші органдар жұмыс істейді: Байқау кеңесі, Ғылыми кеңес, ректорат, оқу-әдістемелік кеңес, ғылыми-техникалық кеңес, жас ғалымдар кеңесі, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялар, студенттік ғылыми қоғам, жұмыс берушілер Кеңесі, Түлектер қауымдастығы, Жастар ісі жөніндегі комитет және т.б.
Орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық қауымдастығы (МАПРЯЛ)
Ол әлемдік мәдениеттің бір бөлігі ретінде орыс тілі мен әдебиетін танымал ету, сақтау, дамыту және оқыту мақсатында құрылған үкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады. Аталған қауымдастық мүшелері ПОҚ қатарынан Есенова К.Е., Жанпеисова Н. М., Токжанова А. М., Ерғазина А. А., Абильдаева К. М., Амангазиева
«British Council»
(www.britishcouncil.org Британ Кеңесінің онлайн платформасы) – Біріккен Корольдіктің Мәдени қатынастар және білім беру саласындағы халықаралық ұйымы.
2017 жылғы 21 қарашада British Council мен Баишев университеті арасында бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылды, оның шеңберінде 3 жоба:
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қоғамдық ақпарат департаментінің «Академиялық топтармен өзара іс-қимыл» (UNAI)
Бас хатшының жаһандық бастамасы болып табылады, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттарын қолдау үшін жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Баишев Университет 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап осы ұйымның мүшесі болып табылады. Бастамаға қатысу университетке қоғам алдында зияткерлік жауапкершіліктің бірыңғай жаһандық мәдениетін қалыптастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру және зерттеулер жүргізу бойынша белсенді жұмыспен айналысатын студенттер мен ғалымдардың өсіп келе жатқан желісіне мүшеліктің барлық артықшылықтарын береді.
ТМД елдерінің ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу жөніндегі «Еуразия халықтары достастығы» дербес коммерциялық емес ұйымы
Оның қызметінің мақсаты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер арасындағы интеграциялық процестерді қолдау болып табылады.
«Академиялық қызмет қауымдастығы» (Сербия)
Мақсаты-кәсіби дағдыларды дамыту және жетілдіру, өз бетімен білім алу, коммуникация және ТМД елдері, Балқан түбегі, Еуропа және АҚШ әріптестерімен озық тәжірибелермен алмасу.
ENACTUS
Бұл студенттерді, бизнес көшбасшыларын және университеттерді біріктіретін халықаралық ұйым, ол адамдардың өмірін өзгерту және әлемді жақсырақ және тұрақты ету үшін кәсіпкерлік әрекеттің күшін пайдалануға тырысады.
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік — Жүктеу
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік — Жүктеу
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік — Жүктеу
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік — Жүктеу
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік — Жүктеу
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі кезеңдегі қаржылық есептілік —Жүктеу