28.10.2022 күні Баишев университетінде ардагер-ұстаз, ғалым-педагог, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ниетжан Берікұлының – 95-жылдық мерейтойына арналған «Ғибратқа толы ғұмыр» атты дөңгелек үстелі өтті.

Аталған шараның қонақтары: Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Оразбаева Ляззат Аманжолқызы, Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Қарабасова Лаура Чапаевна, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің ректоры Қалиев Әсет Әскерұлы және т.б облысқа, қалаға танымал азаматтар.




