25 қазан – Республика күні!

Биылдан бастап Қазақстанда 25 қазан – Республика күні ұлттық мерекеге айналды. Бұл туралы 29-қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне «кинематография, мәдениет және мерекелер мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заңында айтылған.
21.10.2022 күні Баишев университетінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік шара өтті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталған мерекелік шарамыз, университетіміздің құрылтайшысы, президент кеңесшісі Бекежан Ахан мырзаның сөзімен жалғасты.
Бұл шараға Ауған соғысы ардагерлерінің «ЕР-БАҚЫТ» спорттық-патриоттық клубы қоғамдық бірлестігінің басшысы, Ауған соғысының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы да қатысып, Республика күніне және университетімізге арнап ақ тілегін, жылы лебізін білдірді.
Сонымен қатар заң ғылымдарының кандитаты, профессор Телебеков Бакытбек Арыкбаевич Республика күніне арналған өз баяндамасын жасады.
Бұл мерекелік шарамызда Республикамыз туралы баяндама тыңдалып, әуезді ән айтылып, күмбірлеген күміс күй ойнатылып, жастардың бойында еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдері оянып, ерекше әсер алды десек артық айтпаймыз.
Республика күніне орай университетіміздің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Бухарбаев Шыныбек Мұсаұлы Республикамызға арнап ақ тілегін айтып, келген қонақтарымызға және университет оқытушылары мен қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, басшылықтың атынан алғыс хат табыстады.




