Новости

25 сәуірде Баишев университетінде Ғылым онкүндігі аясында «Құқық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, з.ғ.к. Б.А. Телібеков және з.ғ.к. И.М. Телібековамен ұйымдастырылған, «Құқық» мамандығының 1, 2, 3 курс студенттері және кафедра оқытушыларының қатысуымен «Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметінің құқықтық реттеу мен тәжірибесінің мәселелерін талдау және талқылау» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қонақтар ретінде тәжірибелі мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары А.У. Күшбаев, А.А. Сүлейманов, Н.С. Уразов, Ақтөбе облысы Заң кеңесшілері палатасының заң кеңесшісі Е.Т. Мұқанов, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Бүкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының доценті С.Б. Құлбаевтар қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері және жедел-іздестіру қызметін құқықтық реттеуі сұрақтары, жеке детективті жұмыс енгізу мәселелері бойынша кафедра оқытушылары мен 3 курс білім алушылары Н.Дагисова және И. Позднякова мақалаларын жариялады, сондай-ақ әлеуметтік қорғау шараларын күшейту ретінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің өмірін және денсаулығын міндетті мемлекеттік сақтандыруды енгізу қажеттігі туралы айтып шықты.

«Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметінің құқықтық реттеу мен тәжірибесінің мәселелерін талдау және талқылау» атты дөңгелек үстелден көріністер

Смотрите также