25 сәуірде «Ауыл шаруашылық және экология» кафедрасымен «Бруцеллезден сауықтыру мәселелері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинарға кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы мен 6В09111 – «Ветеринариялық санитария», 6В09121 – «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламаларының 2, 3, 4 курс студенттері белсене қатысты.
Семинарды мақсаты: Студенттерге бруцеллезден сауықтандыру шараларын түсіндіру болды және келесі өзекті мәселелер қарастырылды: бруцеллез қоздырғышы, бруцеллезді алдын алу шаралары, бруцеллезден сауықтыру шаралары.
Семинар барысында білім алушылар аурудың алдын алу үшін ең бастысы – сырттан инфекция қоздырғышын әкелдірмеу және негізгі ветеринариялық-санитарлық талаптарды орындау қеректігін, шаруашылыққа сырттан әкелінген малды міндетті түрде 30 күн карантинде ұстап, осы уақыт ішінде биоматериалдарды (қан сарысуын) зертханалық тексерулерден өткізу қажеттігін баса айтты.




«Бруцеллезден сауықтыру мәселелері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинардан көріністер