2023 жылдың 20 сәуірінде «Бизнес және басқару» кафедрасының бастауымен «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ғылыми семинар өтті.

Семинарға «Бизнес және басқару» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы белсене араласты, сонымен қатар кафедраның доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Р.Ж. Курманкулова «Инвестициялық компаниялардағы қаржылық сауаттылық» тақырыбындағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Экономика магистрі З.К.Ержанова әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты болып білім алушыларды ғылыми-жұмысқа ынталандыру жолдарын қарастыру қажеттігін баса айтып өтті.
Жалпы ғылыми семинар Қазақстанда болып жатқан соңғы әлеуметтік – экономикалық мәселелерді қозғады және өз мақсатына жетті.


«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ғылыми семинардан көрініс