2023 жылдың 13 сәуірінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия және көлік қызметтері» кафедра профессор-оқытушылар құрамы мен білім беру бағдарламасы бойыншастуденттермен бірлесе отырып Баишев университетінің ғылым декадасы аясында «Ақтөбетранстелекомның» Ақтөбе қаласындағы филиалы «Транстелеком» АҚ басқарушы директоры Таубаев Аслан Асқарұлы және Баишев Университеті ректордың м.а. Ташмұхамбетов Бауыржан Галиханұлы ғылым мен білімнің өзара байланысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

https://drive.google.com/file/d/1-u-bTH8GExoe3U-PHKB_JhNgQOB7Idbb/view



Аталған меморандум бірнеше қызмет түрлерін қамтиды: университеттің бакалавриат, магистратура білім беру бағдарламалары үшін ұйымдастырылған ғылыми тағылымдамалар мен практиканың барлық түрлері; 6В06121 – «Ақпараттық жүйелер», 6В07112 – «Автоматтандыру және басқару: Мұнай-газ өнеркәсібіндегі технологиялық процестерді автоматтандыру», 6В07111 – «Автоматтандыру және басқару: Көліктегі технологиялық процестерді автоматтандыру» ББ білім алушыларының курстық, дипломдық жобаларға басшылықты (немесе бірлескен басшылықты) жүргізу үшін кәсіпорын мамандарын тарту; бірлескен іс-шараларды (симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар) ұйымдастыру және өткізу; бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының, жобалардың нәтижелерін әзірлеу және енгізу.