Новости

20 сәуір күні Баишев университетінің «Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институты» мен «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар, инженерия және көлік қызметтері» кафедрасымен бірлесіп, ғылым онкүндігі шеңберінде оқыту және практикалық көмек көрсету мақсатында техника ғылымдарының кандидаты, доцент Балмағанбетова Фатыма Турегалиевна «Білім алушылардың (студенттердің, магистранттардың) ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Ғылыми-әдістемелік семинарға жас ғалымдар мен магистранттар қатысты. Семинар барысында Ф.Т.Балмаганбетова ғылыми жұмыстарды, ғылыми мақалаларды жазу, талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістері, антиплагиат жүйесінің ерекшеліктерін айтып өтті. Магистранттар өзара пікір алмасып, көптеген сұрақтарға жауап алды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

«Білім алушылардың (студенттердің, магистранттардың) ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинардан көрініс

Смотрите также