19 сәуір күні Ғылым онкүндігіне арналған «Педагогика, психология және пәндік технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи білім беру: мəселелер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел шарасына кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Осы шараның ашылуында қаржы саласының PhD, ғылым және стратегиялық даму проректоры Лыгина Ольга Ивановна сөз сөйледі.


«Заманауи білім беру: мəселелер мен шешімдер» тақырыбы төңірегінде кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Тойбазарова Нагимаш Амирхановна «Заманауи білім беруде электронды оқулықты қолдану мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша баяндама жасап, электронды оқулығынан көрсетілім көрсетті, п.ғ.к., доцент Кульбаева Бақыт Сағындықовна «Заманауи студент тұлғасын қалыптастыруда интерактивті оқытуды мотивациялық орта ретінде пайдалану» тақырыбының теориялық және практикалық құндылығын ашып, қатысушыларды сауалнамаға тартып, осы аталған мәселе бойынша сұрақтар талқыланды.
Сонымен қатар п.ғ.к., доцент Нұржанова М.Н., PhD кафедра доценті Майдангалиева Ж.А., магистрлер Ш.А. Исина, А.А. Мамбеталина, Ж.И. Сұлтан, А.Ә. Рысқұлова, Д.Б.Бекжановалар заманауи білім берудегі мәселелерді талқыға салып, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Рефлексия кезінде білім алушылар өз пікірлерін білдіріп, осы тақырып шеңберінде сұрақтар қойды және де ұсыныстар жасалып, өте жоғары белсенділік танытты.
Қорытындылай келе, «Педагогика, психология және пәндік технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген «Заманауи білім беру: мəселелер мен шешімдер» тақырыбындағы дөңгелек үстел өз мақсатына жетті.