Новости

19 сәуір күні «АКТ, инженерия және көлік қызметтері» кафедрасы ұйымдастыруымен студенттер арасында «Жас ғалым» жобалар байқауы өтті.

Жобалар байқауына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Баишев Университетінің білім алушылары қатысты.  Баишев Университетінің «6В07112 – Автоматтандыру және басқару: Мұнай-газ өнеркәсібіндегі технологиялық процестерді автоматтандыру», «6В07111 – Автоматтандыру және басқару: Көліктегі технологиялық процестерді автоматтандыру», «6В06121-Ақпараттық жүйелер», «6В11311/6В11312 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасмалдауды ұйымдастыру» мамандығының 2,3 курс білім алушылары өз жобаларын ұсынды.

Жобаның мақсаты – жаңа технологияларды қолдану арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға көмектесу және де студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетінде жаңа идеяларды іздеуге ынталандыру болып табылады.

«Жас ғалым» жобалар байқауынан көріністер

Смотрите также