Новости

18 сәуір күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің С.Қирабаев атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Балтабаева Жаңалық Қылышқызының және магистранттардың, студенттердің қатысуымен «Білім алушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру жолдары» атты онлайн семинар өтті.

Онлайн семинар сұрақ-жауап форматында жүргізілді және аталған тақырып бойынша: Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? Оқу сауаттылығы деген не? сұрақтар қоя отырып, өзі тыңдаушыларға өзі тарапынан түсіндіру бағытында жауаптарын диалог түрінде алуды мақсат етті.

Диалогтік сұхбат барысында оқытушы Г.М. Джулаева, 3 курс студенттері Б.Сахитжанова мен М.Макарова белсенділік танытты. Сонымен қатар қатысушы магистранттар да өз пікірлерінше жауап берді, студенттер осындай ғалымдармен онлайн кездесудің пайдалы екенін, еліміздің іргелі оқу орындарындағы профессор, ғылым докторларымен байланыста болып, көптеген мағлұматтар алудың өзі ғылыми дамуы мен құлшынысын арттыратынын баса айтты.

Смотрите также