Новости

18 сәуір күні «Бизнес және басқару» кафедрасы «Жаңа Қазақстан – жарқын болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы, «Бизнес және басқару» бағыты бойынша білім алушылары, сонымен қатар Алматы Менеджмент Университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің білім алушылары белсене қатысты.

Дөңгелек үстелде 2022 жылғы 16 наурызда ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауы талқыланып, онда жалпы елдің жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайтын саяси реформалардың 10 басым бағыты айқындалды.

«Жаңа Қазақстан – жарқын болашақ» тақырыбында дөңгелек үстелден көріністері

Смотрите также