18 сәуірде Ғылыми онкүндік аясында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия және көлік қызметтері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас ғалымдардың инновациялық жобалары мен жетістіктері» көрмесі өтті. Көрмеге 6В07112-«Автоматтандыру және басқару: мұнай-газ өнеркәсібіндегі технологиялық процестерді автоматтандыру», 6В07111-«Автоматтандыру және басқару: көліктегі технологиялық процестерді автоматтандыру» білім беру бағдарламалары студенттерінің жұмыстары қойылды.

Көрмеге «6B07111 – Автоматтандыру және басқару: Көліктегі технологиялық процестерді автоматтандыру» мамандығының 2 курс білім алушылары М.Ғ.Мырзабаев, Б.С. Нұрлыбаевтардың «Біржолды учаскіде рельс тізбектерінің типтерін зерттеумен автоматика жүйесін құру» ғылыми жобалары таныстырылды. Б.А. Тоқсанбаева «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің сабақ уақытында қолданатын оқу стендттерін, арнай өлшем құралдары мен құрылғылары және де арнайы лабораториялық жұмыстарда қолданылатын бағдарламалармен таныстырды.
Жалпы, көрме студенттердің өз жобаларын университеттегі профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне көрсету үшін тамаша алаң болды және ғылым мен білім арасындағы байланысты нығайтуға көмектесері сөзсіз. https://drive.google.com/file/d/196eps55CKVXEQkSpyaOuR_T-OvxL4JgY/view.



