13 сәуір күні «IT және стартаптар саласындағы өзекті трендтер мен мүмкіндіктері» тақырыбында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия және көлік қызметтері» кафедрасының ұйымдастыруымен воркшоп өтті.

Стартап саласындағы өзекті мүмкіндіктер бойынша ІТ саласының студенттерімен, «Zerek» Технопарк ЖШС-ның технологиялық кәсіпкерлік бағдарламаларының басшысы А.Е.Баймаганбетовпен, «Аstana Нub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркінің ресми өкілі Ермекжан Картжановпен кездесу өткізілді.
Кездесу мақсаты нарықтағы отандық IT-стартаптар арасында табысты ойыншыларды анықтауға, IT-кәсіпкерліктің дамуын ынталандыруға және Қазақстанда инновациялардың даму векторын белгілеуге мүмкіндік береді.



«IT және стартаптар саласындағы өзекті трендтер мен мүмкіндіктері» тақырыбындағы Воркшоптан көріністер