12 сәуір күні «Шетел тілдері мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен «Шет тіліндегі білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық білім беру форумы өтті.

Форумда қоғамның тұрақты инновациялық дамуы жағдайында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыра алатын құзыретті мамандарды даярлауға бағытталған шет тілді білім берудің өзекті мәселелері қарастырылды. Форумға Италия, Башқұртстан, Ресей және Қазақстан ғалымдары шет тілді білім берудің, онлайн оқытудың ерекшеліктерін, шет тілін оқытудың әртүрлі стратегияларын қолдану сияқты заманауи шет тілді білім берудің маңызды және өзекті мәселелері талқыланды.
Форумға М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің ФМББЖБМ (Федералды мемлекеттік білім беру бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің) профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатынасып, өткізілген іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігіні, қазіргі заманда шет тілін үйренудің рөлін атап өтті.
13.04.2023 жылы «Ақтөбе хабаршысы» газетінде «Шет тіліндегі білім берудің өзекті мәселелері» форумы кеңінен жарияланды және келесі сілтеме бойынша https://avestnik.kz/aktualnye-voprosy-inoyazychnogo-obrazovaniya интернет-ресурста толығырақ танысуға болады.
Форум туралы ақпарат «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында «Жаңалықтар» бөлімінде жарияланды: https://youtu.be/8kR65YgfLTs





«Шет тіліндегі білім берудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы Халықаралық білім беру форумынан көрініс