Новости

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия және көлік қызметтері кафедрасының «Жұмыс берушілер күні»

24 ақпан 2023 ж.сағ 11.00-де 101 аудиторияда  Баишев  университет «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерия және көлік қызметтері» кафедрасының «Жұмыс берушілер күніне» арналған  дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге жұмыс берушілер мен студенттер қатысты. Қазіргі таңда кафедра 3 бағытта 5 білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар дайындайды: 6В06121 – «Ақпараттық жүйелер», 6В07112-«Автоматтандыру және басқару: мұнай-газ өнеркәсібіндегі технологиялық процестерді автоматтандыру» білім беру бағдарламасы, 6В07111-«Автоматтандыру және басқару: көліктегі технологиялық процестерді автоматтандыру» білім беру бағдарламасы, 6В11311-Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру: Теміржол көлігі», 6В11312-Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру: Автожол көлігі». 

Смотрите также