Новости

«Өмір бояулары» дизайн жұмыстарының сән шоу көрмесі «Дизайн және құрылыс» кафедрасымен 2023 жылғы 20 сәуірде өткізілді.

Негізгі мақсаты: дизайнердің кәсіби маман ретінде қалыптасуының даму кезеңдерімен таныстыру.

Міндеті:

  • Аудиторияда эстетикалық талғамды тәрбиелеу;
  • Жұмыстарды көрсету;
  • Жаңа клиенттерді алу / жаңа нарықтарға шығу;
  • Жаңа өнімді жылжыту;
  • Бренд туралы хабардарлықты арттыру.

Көрмеде кафедраның аға оқытушысы Гүлжан Нұрсейітқызы Омарованың жетекшілігімен «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттерінің курстық және бітіру жұмыстары, сондай – ақ шақырылған дизайнерлердің дефилесі ұсынылды: «РОЗА» ательесі – Роза Айтқалиқызы Бисекенова, «ДАНА БРЕНД» ательесі – Гүлия Байтугеловна Рамазанова, «Айгүл МАНАЙ» ательесі-Айгүл Манай, «бренд НУЗАР» ательесі – Исмаилова Нұрия.

Аталған іс-шараға университеттің ПОҚ құрамы, білім алушылары мен қонақтары ат салыса қатысты.

«Өмір бояулары» дизайн жұмыстарының сән шоу көрмесінен көріністер

Смотрите также