Өкіл құқықтық ағарту бойынша С.Баишев атындағы университет басшысымен жұмыс кездесуін өткізді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Байдуллина С.Баишев атындағы Ақтөбе университеті ректорының міндетін атқарушы О.И.Лыгинамен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында адам мен азаматтың негізгі құқықтарын қорғау тақырыбында құқықтық ағарту шараларын бірлесе отырып жүзеге асыру бойынша әңгіме жүргізілді, алдағы уақытта бірлесе іске асырылатын іс-шаралар мен жобалар туралы айтылды.
Атап айтқанда, университеттің оқытушыларымен, студенттерімен өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ақпарат алмасу, бірлескен дөңгелек үстелдер және басқа да шаралар өткізу, білім беру бағдарламаларын енгізу туралы әңгіме жүргізілді.
Кездесу нәтижесінде өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.