Өзбекстан Республикасының ЖОО студенттеріне арналған дәрістер

2020 жылғы 16-27 қараша аралығында дизайн және құрылыс кафедрасының аға оқытушысы Махамбет Пиримжаров өзбек бағытындағы үш жоғары оқу орны: Ташкент сәулет-құрылыс институты, Әндіжан мемлекеттік университеті, Нүкіс мемлекеттік педагогикалық университеті студенттеріне арналған Сәулет дизайны бойынша онлайн дәріс өткізді. Баишев университеті Өзбекстан Республикасының жоғары оқу орындарымен 5 жылдан астам уақыт бойы ынтымақтасып келеді. Жыл сайын жоғары оқу орындары арасында дәріс оқу, сондай-ақ басқа да іс-шаралар өткізу үшін ғалымдармен алмасу жүргізіледі.


