«Қарттарым – асыл қазынам!»

1 – қазан күні Баишев университеті де университет ардагерлерін, үлкендерімізді назардан тыс қалдырмады. Биылғы жылы Әлеуметтік-мәдени даму департаменті мен Жастар ісі жөніндегі комитеті аға буын өкілдерін құттықтаусыз қалдырмады.
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың еліміздің өсіп – өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым – парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер!
Құрмет пен мейірім мерекесіне университеттің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Бухарбаев Шыныбек Мусинович барлық ардагерлерімізге гүл мен сыйлық таратып, алғыс хатпен марапаттады.
Өз кезегінде университетіміздің Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Калаганова Нурсулу Кыдыровна да ардақты ардагер ұстаздарымызға ақ тілегін, жылы лебізін білдіріп, олардың университеттегі орындары біз үшін биік екенін айтты.
Университет ардагері Жұманазар Асан ағай, Бисалиев Ибрай ағай және тағы басқа ардагер оқытушыларымыз университеттің басшылығына алғысы мен жылы сөздерін жеткізді.
Ардақты ардагерлеріміз өздерін жылы қарсы алып, көрсетілген құрметке марқайып, алғыстарын жаудырды. Тамаша көңіл-күй үшін Әлеуметтік-мәдени даму департаментінің бөліміне ризашылығын білдірді.


