«Қазіргі заманғы Ресей мәдениеті және ғылымы» атты VI халықаралық жазғы мектеп

Ағымдағы жылғы 6-10 қыркүйек аралығында Орынбор мемлекеттік университетінде шетелдік жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін «Қазіргі заманғы Ресей ғылымы мен мәдениеті» тақырыбында VI Халықаралық білім беретін жазғы мектеп өтті. Жазғы мектепке Қазақстан, Қытай, Жапония, Германия, Франция және басқа да көптеген елдердің студенттері қатысып, ECTS (кредиттерді аудару мен жинақтаудың Еуропалық жүйесі) бойынша 2 кредит алды. Баишев университетінен жазғы мектепке «Шетел тілі: екі шетел тілі» 4 курс студенті Парасат Бауыржан қатысып, университетті жоғары деңгейде таныстырды.