Новости

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасындағы онлайн академиялық ұтқырлық

2020-2021 оқу жылының 1 жартыжылдығында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, магистр Төреханова Гүлжахан Маратқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне онлайн-форматта «Әдебиет теориясы» пәні бойынша сабақтар өткізуде. Дәріс тақырыбы – «Сюжет және композиция», білім алушылар көркем шығарманың құрылымын, оның талдауын, сюжетін, сюжеттік құрылымын, композициясын, оның көркем шығармадағы рөлін зерттеуде. Сабақ барысында студенттер шығармалардан үзінділерді талдауға үйренеді. Өткен тақырыптарды талқылау сұрақтар мен жауаптар түрінде ұсынылған.

Смотрите также