Новости

Ғылым декадасының аясында «Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар, инженерия және көлік қызметтері» кафедрасының ұйымдастыруымен 24.04.2023 жылы «Білім бәйгесі» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

Интеллектуалдық сайыстың мақсаты: білім алушылардың білімдерін жүйелеу оны өмірде қолдана білуге үйрету және  пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар ойлау, есте ұстау қабілеттерін дамыту, ұтымды ой қорыта білуге, шешендікке үйрету, ұйымшылдық пен ынтымақтастықты нығайту болып табылады.  

Сайыс «6В0711 – Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының 2,3 курс студенттері арасында өткізілді, білім алушылар 4 топқа бөлінде, сайыстың бағдарламасы бойынша  алты кезеңнен тұратын тапсырмалар берілді, барлық кезеңде білім алушылардың бағытына байланысты сұрақтар қойылып топ білім алушылары белсене араласты.

«Білім бәйгесі» атты интеллектуалдық сайыстан көріністер

Смотрите также