«Шетел тілінде білім берудің өзекті мәселелері»

12- сәуір – Қазақстандағы ғылым күні. Ғылым күнін атап өту аясында Қазақстандағы Баишев Университетінде (12-25 сәуір аралығында) ғылым онкүндігі өткізіледі. Ғылым онкүндігінің алғашқы іс-шарасы – «Шетел тілінде білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық онлайн форумы .
«Шетел тілінде білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық білім беру форумына қатысушылар:
- Лыгина Ольга Ивановна –қаржы саласының Ph.D, ғылым және стратегиялық даму бойынша проректор ;
- Vincenzo Scalcione – философия және бастауыш білім беру бойынша Ph.D; Базиликат Университеті бастауыш білім берудің оқу курстары бойынша тағылымдамадан өтудің үйлестіруші-тьюторы болып табылады(Италия). Ол TFA қолдаудың лабораториялық курстарында бағалау, білім берудің негізгі дағдылары мен оқу ортасы тақырыптары бойынша дәріс берген. Журналист. L’Eco della Scuola Nuova журналының редколлегия мүшесі. Базиликате и Апулии USR қызметіне мұғалімдер даярлау бойынша тренер.
3.Васич Бибигуль Келисовна – Association «Society for Academic Activity» бойына орындаушы директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты. Ғылыми-педагогикалық тәжірибесі: бастауыш мектеп мұғалімі (1991-2002), ӘО әдіскері, Білім беру бөлімінің әдіскері (2002 – 2007), Ақтөбе облыстық білім біліктілікті арттыру институтының директорының орынбасары (2007-2012), ғылым гранттарының жетекшісі (2015-2017), Қазақстан мен Сербияның зерттеушілік және оқытушылық қызметтері басшысы (201 жылдан) Халықаралық біліктілікті арттыру курстарын, ғылыми конференциялар, кәсіби және шығармашылық курстардың ұымдастырушысы(Сербия, Австрия, Черногория, Германия, Россия);
4.Иксанова Раиса Мингазитдиновна – «М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті» ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент; - Шетел тілдері мен әдебиеті кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы;
- Баишев Университеті 6В01731- Шетел тілі:екі шетел тілі ББ 2, 4 курс студенттері ;
- Баишев Университеті 6В02311- Аударма ісі ББ 3 курс студенттері;
- Баишев Университеті 7М01731-Шетел тілі:екі шет тілі ББ 1,2 курс маистранттары;
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Шетел тілі:екі шет тілі ББ 1 курс магистранттары;
10.«М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті» «Педагогикалық білім беру» бағыты бойынша «Ағылшын тілі мен неміс тілі», «Ағылшын тілі мен орыс тілі», «Ағылшын тілі мен қытай тілі» мамандықтарының 5 курс студенттері.
Форумның мақсаты: басқа тілдерді оқытудың өзекті мәселелерін қалыптастыру , құзыретті мамандар даярлау, қоғамдағы инновациялық тұрақты жағдайдағы кәсіби қызметтің тиімді тәсілдерін жүзеге асыру.
«Шетел тілінде білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық білім берудің онлайн форумы пікірталас форматында өтеді, оның нәтижесінде форумға қатысушылар лингвистика және шетел тілін оқыту әдістемесі саласындағы кәсіби тәжірибелерін байыта алады және шет тілін оқытудың қыр-сырымен қанығады.