Новости

«Тұран-Астана» университетімен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы аясындағы алмасуы

2020-2021 оқу жылының 1 жартыжылдығында екі ЖОО арасындағы ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Баишев университетінің PhD оқытушылары, доцент Ольга Лыгина және  п.ғ.к., Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының доценті Қаншаим Шураханова «Тұран-Астана» университетінің студенттері үшін онлайн дәрістер өткізді. Өзара алмасу аясында Баишев университетінде «Тұран-Астана» университетінің оқытушылары: э.ғ.к., Экономика және инновациялық бизнес кафедрасының доценті Гүлнафиз Бекбусинова және т.ғ.к., Ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті Нұргүл Аманова онлайн дәріс оқыды. Ағымдағы оқу жылының 2 жартыжылдығында екі ЖОО-ның білім алушыларымен алмасу жоспарлануда.

Смотрите также