Орлов мемлекеттік экономика және сауда университетінің доценті магистранттары мен студенттеріне арналған дәрістер

2020 жылдың 30 қарашасы мен 11 желтоқсаны аралығында Баишев университетінің студенттері мен магистранттары үшін «Қаржы институттарының қызметін басқару» және «Бағалы қағаздар нарығы» пәндері бойынша онлайн дәрістер өтті. Дәріскер Орлов мемлекеттік экономика және сауда университетінің Қаржы және несие кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Ирина Рыкова болды.
Орлов мемлекеттік экономика және сауда университетімен ынтымақтастық 2019 жылдың ақпан айынан басталды және Ирина Рыкова біздің университетке сапармен келіп, қаржы және есеп кафедрасымен бірлесіп «Аймақтық қаржы жүйесін дамыту және оны жетілдіру мәселелері» жобасын әзірлеп, іске асыру бойынша жұмысын бастады.


