Новости

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

1 қыркүйек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім күнімен қатар келген Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталды.

2022 жылдың 15 қыркүйегінде әлеуметтік-мәдени даму департаментінің ұйымдастыруымен  Баишев университетінде оқытушылар мен білім алушыларға Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» Қазақстан халқына Жолдауын университетіміздің оқытушылары мен белсенді студенттерімен бірге талқылап, олардың пікірлерін тыңдадық.

 Аталған шараға университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Бухарбаев Шыныбек Мусаұлы, әлеуметтік-мәдени даму департаментінің директоры Жалмагамбетова Сауле және «Жастар рухы» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Искарин Ануар мен  филиал кеңесшісі Нарқозы Қанатжан қатысты.

Смотрите также