Новости

«Көктем» көрмесін «Дизайн және құрылыс» кафедрасы 2023 жылғы 19 сәуірде Баишев университетінде Ғылым онкүндігін өткізу шеңберінде өткізді.

Негізгі мақсаты: суретшілердің туындыларымен, бейнелеу өнерінің жанрларымен, суретшілердің шығармашылығымен таныстыру.

Көрмеде «Дизайн» білім беру бағдарламасының білім алушылары мен оқытушыларының жұмыстары ұсынылды:

Сәулет дизайны, 3 курс білім алушылары:

1. Жұманазарова Айнұр Құрманалиқызы

2. Серік Саят Талғатұлы

3. Тәжібаева Медина Азаматқызы

Оқытушылар:

4. Ибраев Әлімжан Нұрлыбайұлы – аға оқытушы, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі

5. Ноғаев Қайрат Болатбайұлы – магистр, аға оқытушы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі

6. Шлапак Елена Юрьевна – магистр, аға оқытушы, Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі

Ұсынылған жұмыстар әртүрлі әдістермен, атап айтсақ кескіндеме, графика, сандық кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер қолданылған.

Аталған іс-шараға Баишев университетінің басшылығы, университет білім алушылары мен қонақтары қатысты.

19 сәуірде «Дизайн және құрылыс» кафедрасының ұйымдастыруымен «Алтын саусақ» жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Негізгі мақсаты: студенттердің жетістіктері мен практикалық дағдыларын көрсету, қолдан жасалған бұйымдарды жарнамалау, насихаттау және сату, тәжірибе алмасу және қарым-қатынас.

Жәрмеңкені ұйымдастырудағы міндеттер:

  • Жаңа клиенттерді алу / жаңа нарықтарға шығу;
  • Жаңа өнімді жылжыту;
  • Бренд туралы хабардарлықты арттыру;
  • Өнімдерді сату.

Жәрмеңке-сатылымда «Дизайн» білім беру бағдарламасының білім алушылары мен жұмыс берушілерінің жұмыстары ұсынылды:

Сән дизайны (3 курс білім алушылары):

1. Аңшыбаева Надирабегім

2. Әлімғалиқызы Фатима

3. Есмұрза Арайлым

4. Мұратқызы Айша

5. Савельянова Назерке

6. Оразғалиқызы Баян

7. Қыдырбаева Гүлжайна

Сән дизайны (4 курс білім алушылары):

8. Әбенова Данагүл

9. Бағитжан Гүлжансара

10. Жалғасханова Зере

11. Райымбекова Айсәуле

Жұмыс беруші: Рене «Интизар»

Аталған жәрмеңкеге университеттің профессорлық-оқытуышылар құрамы, білім алушылары мен қонақтары қатысты.

«Көктем» жәрмеңкесінен көріністер

Смотрите также