Новости

«Жұмыс берушілер күні». Қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілдері мен әдебиеті кафедралары

 

Қазақ тілі мен әдебиеті, шетел тілдері мен әдебиеті кафедралары 2023 жылдың 22 – ақпаны күні сағат 15.00 –де «Жұмыс берушілер күні» шарасын мына төмендегі  білім беру мекемелерімен бірлесе өткізді:

  • «№13 орта мектебі»  КММ, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ ;
  • №35 Халел Досмұхамедұлы атындағы КММ Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ ;
  • №17 гимназия КММ, Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ ;
  • «Білім» мектеп-гимназия ЖШС;
  • «Дүние» колледж мекемесі.

«Жұмыс берушілер күні»  бәсекеге қабілетті маман даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту, жұмыс берушілер мен түлектердің кездесуі үшін алаң құру, табысты кәсіби қызмет үшін қажетті түлектердің құзыреттерін талқылау, жұмыс берушінің мамандарға қоятын талаптарымен танысу мақсатында өткізілді.

Іс – шара белсенді диалог форматында өтті, онда университет ректоры Б.Г. Ташмұхамбетов, білім беру ұйымдарының өкілдері, 6В01731 – шет тілі: екі шет тілі, 6В01711-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламаларының түлектері  өз ойларын ортаға салды.

Смотрите также