Жоғары оқу орындарында креативті кәсіпкерлікті дамыту

Осы жылғы 8 сәуірде Алматы қаласында AlmaU университетінде British Council ұйымдастырған Creative Spark форумы өтті. Форумда Қазақстандағы креативті индустрияларды дамытудағы білімнің рөлі талқыланды. Форумға «Kazakh Tourism» ҰК, Алматы қаласындағы креативті индустриялар басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласының креативті индустрияларды дамыту орталығының, Creative Spark жобасына қатысушы-университеттердің өкілдері қатысты. Панельдік пікірталас барысында балалар мен жасөспірімдерді креативті кәсіпкерлікке үйрету, ЖОО-ның креативті кәсіпкерлікті оқытуға қосқан үлесі, сондай-ақ Қазақстанда креативті индустриялар үшін білім беруді және Creative Spark желісін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Баишев университеті Қазақстан-Ресей халықаралық университетімен (Ақтөбе, Қазақстан) және Линкольн университетімен (Линкольн, Ұлыбритания) серіктестікте 2019 жылдан бері Британдық Кеңестің Creative Spark жобасына қатысып келеді.