Дүниежүзілік Ұстаздар күні!

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп данышпан Абай айтқандай, ерінбей, жалықпай еткен еңбегінің арқасында шәкірттерінің жүрегіне жол таба білген мұғалім ғана нағыз ұстаз бола алады.
Қазан айының 5-ші жұлдызында Баишев университетінің Жастар ісі жөніндегі комитеті студенттермен бірге Мұғалімдерімізге арнап, мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерт басында университет құрылтайшысы, президент кеңесшісі Бекежан Ахан мырза университет ұстаздарын құттықтап сөз сөйледі. Өз кезегінде Университеттің ректоры Ташмухамбетов Бауыржан Галиханұлы мен ғылым және стратегиялық даму проректоры Лыгина Ольга Ивановна ортаға шығып, құттықтау сөз сөйлеп, Ұстаздарымызды алғыс хатпен марапаттады.
Университетіміздің белсенді жастары ортаға шығып, ән айтып, би билеп, күй орындап, өз өнерлерін көрсетті. Концерттің басты сүйемелдеушісі Әзиев Артур ағай да мұғалімдерге арнап “Ұстазым” әнін шырқап концертті аяқтады!
Көңілді кеш ұйымдастарған студенттерімізге ұстаздар да алғыс айтып, өз ризашылықтарын білдірді.



