“Деструктивті, радикалды діни ұйымдардың алдын алу”

27.09.2022 күні сағат 11:00 уақытында Студенттер арасында радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мақсатында Баишев университетімізде оқытушылар мен студенттерге «Дін – тәрбиенің өзегі» тақырыбында кездесу өтті.
Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы Ә. Ұзақбай мен психолог маман Т.Тулепбергенов университет студенттеріне дәріс оқыды.
Сонымен қатар «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының теолог маманы Искаков Медет студенттерге діннің негіздерін түсіндіріп, дәріс оқыды.
Ал осы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының психолог маманы Қасенов Ақжол да жас буын болашақ ұрпақтарымызға ақ пен қараны ажырата білу керектігін түсіндіріп өтті.
«Мәдениет, тәрбие, білім адамзат баласын адам ететін негізгі дүниелер. Олардың қатарына дінді де қосу артық болмас. Дінде жақсылық жасау, көркем мінезді болу, ата-анаға, айналаға құрмет, білім алу сынды дүниелер насихатталады. Біз ескірген құндылықтарға байланбай, ашық дүниетанымға ие болуымыз керек. Өзіміздің табысты даму жолымызды жасау үшін жат идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыруымыз қажет. Қазақтардың өзіндік бай мәдениеті, ерекше дәстүрі, ал, көпэтносты Қазақстан халқының өзгелерге ұқсамайтын бірегей тарихы бар»,-деді теолог маман.
Психолог мамандарымыз теріс ағым өкілі мен жас сана психологиясының ара-жігін ажыратып айтып өтті. Сондай-ақ, студенттерге видеролик көрсетіліп, бүктеме қағаздары таратылды.


