Новости

Баишев университеті Краков педагогикалық университетімен мобильділік жүзеге асыруды жалғастыруда

Ағымдағы жылдың 14-18 наурыз аралығында ф.ғ.д., шет тілдері және әдебиеті кафедрасының профессоры Кусанова Б.Х. Erasmusplus бағдарламасының халықаралық кредиттік мобильділік шеңберінде Краков педагогикалық университетіне (Краков, Польша) келді. Профессор Польша университетінің магистранттарына STEM-білім беру, STEM vs STEAM тақырыбында сабақ өткізді, студенттерге бағалау әдістері және студенттер мен мұғалімдердің ынтасын арттыру стратегиялары туралы айтып берді. Баишев университеті мен Краков педагогикалық университеті 2018-2019 оқу жылынан бастап Халықаралық кредиттік ұтқырлықты іске асыратынын еске саламыз.

Смотрите также