Баишев университеті Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қала аумағын санитарлық тазалау бойынша екі айлық қатысуға шақыруын қолдады

Халқымызда «Ауылына қарап, азаматын таны» деген жақсы сөз бар. Баишев университеті де өткен аптадан бері қаламызды тазартып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жалпықалалық сенбілікке қатысып жатырмыз.
Тазалық – тазалаған жерде ғана емес, айналаны таза ұстаған кезде ғана болады. Ауламыз таза болса ой-санамыз да тазарады, бойымыз сергіп, көңіліміз көтеріледі. Сүйікті қаламыздың тазалығы — баршамызға ортақ іс. Ол — жас буынға үлгі-өнеге, сырттан келген қонақтар үшін тұрғындарымыздың абыройы. Өскелең ұрпақты жан жағын таза ұстап, шашпауға шақыру аға буын мен әрбір азаматтың борышы. Сондықтан бұл игі іске әрқайсымыз өзіндік үлесімізді қосуымыз қажет.


