Баишев Университетінде 2023 жылдың 17 сәуірінде «Қоғамның, ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты жас ғалымдар мен студенттердің VIIІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Халықаралық конференцияға Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы қаржы университеті, Навои мемлекеттік тау-кен технологиялық университеті жанындағы Нукус тау-кен институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Алматы Менеджмент Университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.
Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде онлайн, оффлайн форматта жүргізілді.
Пленарлық мәжілісті Ғылым және стратегиялық даму проректоры Лыгина Ольга Ивановна ашып, барлық конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.
Конференция қонақтары Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы қаржы университетінің доценті,э.ғ.к. Рыкова Ирина Анатольевна және Навои мемлекеттік тау-кен технологиялық университеті жанындағы Нукус тау-кен институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Каипбергенов Атабек Тулепбергенович құттықтау сөзден бастады.
Пленарлық мәжілісте білім алушылардың өзекті тақырыптарға арналған ғылыми жобалары тыңдалды, түстен кейін секция әр бағыттары бойынша өз жұмысын жалғастырды.





«Қоғамның, ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты жас ғалымдар мен студенттердің VIIІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясынан көріністер



1 секция: «Экономика, ауыл шаруашылығы, экология, құқық және менеджмент дамуының өзекті мәселелері: тенденциялар мен заманауи бағыттар» тақырыбындағы секция отырысынан көріністер


2 секция: «Қазіргі білім беру және тіл, филология және лингвистика ғылымының мәселелері: негізгі және қолданбалы аспектілері» тақырыбындағы секция отырысынан көріністер




3 секция: «Инженерлік ғылымдардың, технологиялардың және қызметтердің инновациялық дамуы: қиындықтар мен шешімдер»